"Қазақ хандығы" көп сериалы тарихи кинодастан көрерменге жол тартады

"Қазақ хандығы" көп сериалы тарихи кинодастан көрерменге жол тартады

13.03.17, 14:52

6523 2
Бостандық-күрес тарихы! Тарихи кинодастан жуырда 19 наурыз күні  22.00- де көрерменге жол тартпақ. Онда тарихтағы маңызды оқиға – Қазақ хандығының құрылуы бейнеленген. Сериалда 15-ғасырдың орта тұсынан сыр шертеді.Туынды Керей мен Жәнібектің Әбілқайырдан бөлінуі мен жеке хандық құру кезеңін қамтиды. Сондай-ақ, найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қасық қаны қалғанша ел үшін күрескен ата-бабаларымыздың ерліктері мен таққа таласқан хандардың әрекетін көрсете білді. 

Фильмнің сценарийін белгілі жазушы Смағұл Елубай Тимур Жақсылықов және режиссер Рүстем Әбдірашпен бірігіп жазған. Ал негізі Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясының бірінші бөлімінен алынған.

Телехикая қазақ тілінде түсірілген, алайда фильмде шағатайлар мен жоңғарлардың өз тілінде сөйлейтін сәттері де бар. Актерлердің басым бөлігі – қазақстандық өнер майталмандары, соның ішінде Қарлығаш Мұхаммеджанова, Досхан Жолжақсынов (Әбілқайыр Шайбаншах), Еркебұлан Дайыров (Жәнібек хан), Қайрат Кемалов (Керей хан), Аян Өтепбергенов, Бекболат Тілеухан және басқалар. Өзбек ханы Әбілқайыр Шайбаншахтың бәйбішесінің рөлін Қытайдан келген Жанар Сағат сомдаса, ойраттардың билеушісі Өзтемір тайшының рөлін моңғолиялық актер сомдап шыққан. Есімі аңызға айналған абыз Асан Қайғы оқиғаларды жырына қосып, хикаяны баяндап отырады.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 2 )

Фархат Алтаев 70 дн. назад
Алмас қылыш
Фархат Алтаев 70 дн. назад
Алмас қылыш қашан?
Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян