Биыл өтетін ЭКСПО көрмесінің Астана студенттеріне пайдасы тиіп қалуы мүмкін

Биыл өтетін ЭКСПО көрмесінің Астана студенттеріне пайдасы тиіп қалуы мүмкін

16.03.17, 22:20

741 0
Биыл өтетін ЭКСПО көрмесінің Астана студенттеріне пайдасы тиіп қалуы мүмкін. Атап айтқанда, елордадағы жоғарғы оқу орнының шәкірттері баспанаға қарық болмақ. Бүгін Сенат депутаттары үкіметке осындай сауал жолдады.

Сенаторлардың мәліметіне сүйенсек, Астанадағы бір ғана медициналық университеттің өзінде 3 жарым мың студент жатақханаға мұқтаж екен. Бұл - бас қаладағы барлық оқу орындарына ортақ мәселе. Осы жайттарды алға тартқан депутаттар, аумағында 42 тұрғын үй орналасқан "ЭКСПО-қалашықты" тиімді пайдалансақ деген ұсыныс айтып отыр.

ВЛАДИМИР РЕДКОКАШИН, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Осы орайда "Астана ЭКСПО-2017" халықаралық көрмесі аяқталғаннан кейін босаған тұрғын үйлерді студенттер баспанасына айналдыру арқылы бұл мәселені шешу мүмкін болады деп ойлаймыз. Ол үйлерде Астанадағы жатақхана жетіспейтін жоғары оқу орындарының шәкірттері орналасар еді.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян