Қымбат төлемдер

Қымбат төлемдер

16.03.17, 22:29

699 0
Еліміздің солтүстігінде кейбір коммуналдық қызмет түрлері тағы қымбаттамақ. Бұл жолы сұйық газ бірден 30 пайызға, ал жарық құны 5 пайызға қымбаттауы мүмкін. Бұл әсіресе, көп балалы отбасыларға қиын соғып жатыр. Өйткені жалақы коммуналдық қарыздардан артылмай, қиын жағдайға тап болып жатырмыз дейді.

Никоновтар алты мүшесі бар жанұя. Маргарита Никонова бала асырауында болғандықтан отбасында бір-ақ адам жұмыс істейді. Сондықтан болар, коммуналдық төлемдердің тіпті 100 теңгеге қымбаттауы да қатты сезілетінін айтады. Өйткені отағасының жалғыз жалақысы су, жарық, жылуға төленетін ақшадан артылмай қалатындықтан, көп балалы отбасы ақыры азық-түлікті де үнемдеуге көшіпті.

МАРГАРИТА НИКОНОВА, тұрғын:
- Жылуға, жарықа ай сайын ең аз дегенде 10-15 мың теңге төлейміз. Оған 2 мың теңге суық су. Газға 2 мың теңге есеп келеді. Жаңа жылдан телефон,  қызметінен бас тартуға тура келді. Бәрін қосқанда 20 мың теңгедей коммуналдық қызметке кетеді.

1 сәуірден бастап сұйық газ құнының қымбаттаса  жығылғанға жұдырық болмақ. Монополист компания бір текше метріне газдың бағасын 429 теңгеден 557 теңгеге бір-ақ өсірмек. Яғни, тариф қабылданса газдың әр текше метрінің бағасы 138 теңгеге бірден көтерілмек.

ДМИТРИЙ СУВОРОВ, «Горгаз Сервис» ЖШС директорыныңорынбасары:
- 1 сәуірден 29,4 пайызға өсіруге өтініш білдірдік. Шығынға жұмыс істеп жатырмыз. Тарифті соңғы рет былтыр 1 наурыздан бар болғаны 5 пайызға өсірген едік.

Жаңа жылдан бастап өңірде барлық дерлік коммуналдық қызметтің бағасы өсті. Ал қалған қызметтердің бағасын көтеру сәуір айына жоспарланған көрінеді.

РУСЛАН ЖАСҰЛАНҰЛЫ, Тілші:

- Коммуналдық қызмет құны келісіп алғандай бір мезгілде қымбаттайтыны қиын дейді тұрғындар. Сөздерінше, мұнда халықтың пікіріне құлақ асып жатқан ешкім жоқ. Сол себепті биліктен бәрін бірінен соң бірі жарыса өсірмеуді сұраймыз дейді.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян