Тұрғындар наразылығы

Тұрғындар наразылығы

16.03.17, 22:37

505 0
Таразда тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасымен баспаналары жөнделген жұрт шу шығарды. Айтуларынша,  мердігер компания алдап соғыпты. Тек жылу құбыры ауыстырылған үйімізде құжатта күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген деп көрсетілген дейді тұрғындар. Соған сай істелмеген жұмысқа ақы төлетіп келген. Жұрт өтірігі әшкере болған фирмаға енді мүлде ақша төлемейміз деп отыр. 

Тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасы бойынша жөндеуден өткен қос ғимараттың сиқы мынау. Алты жыл бұрын жылу құбыры мен кәріз жүйесі ғана жаңаланған. Тегін емес, әрине. Бес жыл бойы ай сайын әр пәтер екі жарым мың теңге төлеу міндеттелген. Бірақ құрылыс жұмыстарына көңілі толмаған көпшілік о баста ақыны төлеп келгенімен, кейін қаржыны қайтарудан бас тартыпты.
  
ТӨЛЕГЕН ҚОЗЫБАҒАРОВ, Тараз қаласының тұрғыны:
- Бұл жерде бізге істегені мына жердегі 50 метр құбыр ауыстырылды, болды. Стояктардың бәрін өзіміз кіргіздік. Шатыры бұл үй соғылғалы бері өз шатыры өзінде тұр. Жертөледе 4 адам жарты ай істеді, бітірмей кетіп қалды. 

Ал шығынданған мердігер қаржысын қайтару үшін сотқа жүгінген. Дау басы дәл осында басталған. Яғни төрелігін айтар сотқа берген шағымында ағымдағы емес «күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген» деп көрсетіпті. Көптің күдіктенгені де сол компания бөлінген қаржыға тек құбыр жүргізіп, қалғанын қалтаға басқан деп санайтындарын айтады.

НҰРӘЛІ ҚОШҚАРОВ, Тараз қаласының тұрғыны:
- Біз үкіметтің берген ақшасын қайтармаймыз деген әңгіме жоқ. Бізге қалай болса, күрделі жөндеу деп жазылған болса солай істеп берсін. Біз ақшасын төлейміз. Осы уақытқа дейін төлеп келдік, енді төлемейміз. Осы істелмей ақша төленбейді.

Ал жауаптылар атқарылған жұмыс талапқа сай екенін айтады. Жұрт істелген істен ілік іздеп, қаржысын қайтармаудың амалын іздеп жүр дейді. Бүгінгі дау түсінбеушіліктен туындапты. Яғни сотқа арыз түсіргенде құжаттан қателік жіберген көрінеді.

АЛМАТ РАДИКҰЛЫ, «Тұрғын үй жөндеу-Тараз» ЖШС директоры:
- Күрделі жөндеуден өткен үйді сотқа бере бастаған кезде арасында ағымдағы жөндеулерді де беру керек болып қалады ғой. Сол кезде бір құжатты екінші папкаға сақтаған кезде машинальный қате кетіп қалуы мүмкін деп отырмын. Ол жағын біз енді анықтаймыз.

Осылайша серіктестік бастығы қатені түзеп, қайта сотқа арыз түсірмек. Айта кетейік, бұл екі ғимаратқа 23 миллион теңгеге шығынданыпты. Жұрт әлі тоғыз миллион теңгесін қайтармаған. 

Нұрадин Рақай, Ғани Айдарқұлов

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян