Көкшетауда 20 жастағы қыз 100 мың теңгеге сатылған

Көкшетауда 20 жастағы қыз 100 мың теңгеге сатылған

16.03.17, 22:53

773 0
Көкшетауда 20 жастағы қыз 100 мың теңгеге сатылған. Атбасардан Көкшетауға келген бойжеткен вокзал ішінде отырған жігіттен жұмыс тауып беруін өтінген. Осы сәтті пайдаланған 22 жастағы азамат аруды такси жүргізушісіне сатып жіберген.

Сондай-ақ, дәл осы күні адам саудасына байланысты тағы бір дерек тіркелген. 1979 жылғы әйел сауналардың бірінде 25 жастағы азаматшаға күш қолданып, қорқытып, бопсалау арқылы жезөкшелекпен айналысуға мәжбүрлегені анықталды.

ЕРЖАН  ҚАБЫЛБЕКОВ, Ақмола облысы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының жедел өкілі:
- 100 мың теңгеге сатылғанын білгеннен кейін қыз полиция бөліміне арызданған. Жедел іздестіру шараларын жүргізіп, нәтижесінде қызды сатқан Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны ұсталды. Дәйек заттар тәркіленді. Оған 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Ал, жеңгетайлықпен айналысқан әйелге 3 жылға дейін еркінен айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян