Мас оқушы

Мас оқушы

16.03.17, 22:59

Қарағанды облысында жетінші сынып оқушысы сабақ үстінде алкогольді ішімдік ішіп, уланып қалған. Жеткіншек ащы су құйылуы мүмкін бөтелкені өзі оқитын мектептің маңайынан тапқанын айтады. Бір литрлік ыдыста қандай сусынның болғанын қазір тәртіп сақшылары анықтап жатыр.

НАТАЛЬЯ ЖАТЬКО, мектеп директоры:
- Жарты литрден көп ішті. Бірақ арақ емес екенін нақты айта аламыз. Өйткені түсі қоңырлау болды. Мүмкін шарап та шығар. Ол жағы әзірге белгісіз.

Сұхбат беруден бас тартқан Ризван Құрбанов бір литрлік құтыны таңертең мектеп маңынан тауып алғанын айтады. Мектеп директорының сөзінше, үшінші сабақта соңғы партаға отырып, сусынды іше бастаған ол екі сағаттан кейін есінен танып қалған. Дереу жедел жәрдем шақыртқан ұстаздарға дәрігерлер баланың алкогольді ішімдіктен уланғанын растаған. Қазір жеткіншек тәртіп сақшылары мен психологтардың есебіне тұр Ал оқиға болған мектептің екі бірдей ұстазы тәртіптік жауапкершілікке тартылыпты.

НИКОЛАЙ ОНСОВИЧ, Шахтинск қаласы білім бөлімінің жетекшісі:

- Оқушының үлгерімі төмен. Бұған дейін де тәртіп бұзған. Бірақ осы оқиғадан кейін көрсеткіштері жақсарды. Ал біз шу шыққан мектеп директорының орынбасары мен мұғалім екі қызметкерін тәртіптік жауапкершілікке тарттық.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Жаңа бейнебаян

Басқа жаңалықтар