Сарбаздардың өліміне қатысты мән-жайды анықтауға министрдің өзі кірісті

Сарбаздардың өліміне қатысты мән-жайды анықтауға министрдің өзі кірісті

16.03.17, 23:06

Жамбыл облысында қар астында қалған сарбаздардың өліміне қатысты тексеру аяқталуға жақын. Қорғаныс министрінің өзі бүгін Жамбыл облысына аттаныпты.

17 ақпанда болған қайғылы оқиғадан кейін үкіметтік комиссия құрылған болатын. Ал, 7 әскеридің өлімінен кейін олардың командирлері қызметінен босатылған еді. Қорғаныс министрінің орынбасары Оқас Сапаров, тексеру барысында олардың кінәсі дәлелденсе, қатаң жазалануы мүмкін деп отыр. Өйткені, мәселенің мән-жайын анықтауға министрдің өзі кірісіпті.

ОҚАС САПАРОВ, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары:

- Министр бүгін кетті. Ол үкіметтік комиссия. Сол жерде қорытындысын шығарады. Нақты белгілі болады.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Жаңа бейнебаян

Басқа жаңалықтар