Қылмыс пен қаза

Қылмыс пен қаза

16.03.17, 23:15

Ақтөбегі арнайы операция кезінде полицейлердің оғынан өлген Абылай Тілеуовтің туғандары тәртіп сақшыларының іс-әрекетін қолдамайды. Айтуларынша, оқиға орнында болған бірнеше арнайы жасақ пен тәртіп сақшылары бес сағат бойы бір азаматты көндіре алмаған. Қайғы жұтқан отбасы Абылайдың басына оқ атпай-ақ, басқаша әдіс-тәсілдерді қолдануға болар еді дейді. Кеше заңды түрде ажырасып кеткен әйелін тауып әкелуді талап етіп,  тіс емханасының қызметкерін бес сағат бойы тұтқында ұстаған күдіктіні полицейлер атып өлтірген болатын.

Осыдан бір апта бұрын заң жүзінде ажырасып кеткен әйелінен өш аламын деп полицейлердің қолынан өлген 24 жастағы жігітті бүгін туғандары жоқтап жатыр. Әйелі өз ата-анасының үйіне кеткеннен бері азамат отбасылық-тұрмыстық күйзеліске түскен. Алайда бұл оның уақытша жағдайы деп ойлаған жақындары соңы бұлай аяқталғанына сенгілері келмейді. Баласынан айырылып, зар жылаған ана да кешелі бері төсектен бас көтермепті.

Абылай Тілеуовтің нағашы ағасының айтуынша, ол өте ақкөңіл жігіт болған. Егізі бар. Әкесі мен анасы ұлдарының бала кездерінде ажырасып кетіпті. Бірақ Абылай отбасын құрғалы, анасынан бөлек тұрыпты. Ал сенімді дерекөздерге сенсек, Абылайдың егізі есірткі ісі бойынша қазір  темір торда отырған көрінеді.

Абылай Тілеуовтің нағашы ағасы:
- Ол тентек болды ма, жақсы болды ма, әйтеуір біздің бауырымыз. По этому қалай болса да біз оны қабылдаймыз. Жұрт не ойласа, соны ойлай берсін. Қанша жұрт бар сонша әр адамның өз ойы бар. Жазсын жазатындарын. Интернетке жазсын.
Ал мына тіс емхананың есігі бүгін де жабық. Науқастар қабылдап жатқан жоқ. Адам өмірі қыл үстінде қалған емхана қызметкерлері ғимарат алдына жан жолатуға қорқып қалғандай.

Айта кету керек,  24 жастағы тұрғын алты жыл отасқан әйелі әрі екі баласының анасы Шолпан Тілеуованы өлтіремін деп алдымен әйелінің анасын пышақтап, кейін бұрынғы әйелінің жұмыс орнына іздеп барып, тіс емханасының бір қызметкерін бес сағат бойы тұтқында ұстаған болатын. Әйелін тауып, алдына әкеліп беруді талап еткен жігіт, полицейлер мен туғандарының ығына көнбегендіктен, өлтіріген болатын. Ал күйеу баласынан жарақат алған ана оны кешіретін айтқан еді.

Шолпан Тілеуованың анасы:

- Оны ұрды күнде. Өзі қыдырды, өзі ұрды. Но бірақ сотқа дейін біздер алып кеткеннен кейін  он уже айырылғысы келген жоқ.
Ал Абылай Тілеуовтің артында 6 және 3 жастағы екі ұлы қалды. Көңіл айтып келушілер Абылайдың өз үйіне емес, бөлек тұратын анасының  үйіне жиналып жатыр. Туғандары оны ертең ақтық сапарға шығарып салмақшы.

Жанар Қожанова,  Бағдат Баймурзин 

Рассказать друзьям

Вернуться к списку новостей

Новое видео

Другие новости