Елімізге кәсіби жауынгерлерді дайындайтын Ұлттық Ұлан әскери институтына 20 жыл толды

Елімізге кәсіби жауынгерлерді дайындайтын Ұлттық Ұлан әскери институтына 20 жыл толды

17.03.17, 23:30

445 0
Елімізге кәсіби жауынгерлерді дайындайтын Ұлттық Ұлан әскери институтына 20 жыл толды. Петропавлдағы жоғары оқу орны осы жылдары үш мыңға тарта офицерлерді дайындап шығарған. Осыған орай онда мерекелік гала-концерт ұйымдастырылды.

Тоқсаныншы жылдардың соңында еліміздің солтүстігінде ішкі әскерлерді даярлау институты құрылған. Бұл енді ғана Тәуелсіздік алған ел үшін қажет болды. Өйткені Кеңес одағынан бөлініп шыққан, шекара қазығы толық қазыла қоймаған Қазақстанда мықты әскер құру мәселесі туындады деп еске алады ардагерлер.

ТАЛАНТМОЛДЫБАЕВ, ардагер:
- Ішкі әскерге әскерлердің жетіспеушілігі болды. Сол үшін 1997 жылы Елбасы жарлығымен ашылды .Алғашында ІІМ ішкі әскері болған. Кейін ұлттық ұлан әскери институты болып қайта жасақталды.

Бұл ішкі әскерлерді дайындайтын еліміздегі жалғыз жоғары оқу орны. Жеті мамандық бойынша жыл сайын екі жүз кәсіби маман дайындап шығарады. Қырғызстан, Тәжікстаннан кәсіби білім алады. Сондай-ақ, Ресей,Қырғызстан, Беларусь, Түркия, Қытай елдерінің ғылыми мекемелері және жоғары оқу орындарымен әріптестік орнатқан.

ЖҰМАБЕК АХМЕТОВ, ҚР ҰҰ әскери институтыныңбасшысы:
- Офицерлердің 246 жауынгер қызыл дипломмен бітірді. Олардың 44-і үздік аяқтады.

Әскери институты 20 жылда үш мыңға жуық әскерилерді дайындады. Оқу орнының басшылығы болашақта әскери мамандықтардың санын арттыру басты мақсат дейді.

Руслан Жасұланұлы, Райымбек Бигужаев

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )