Жұлдыздың қолтаңбасы

Жұлдыздың қолтаңбасы

17.03.17, 23:40

597 0
"31 арна" көрсететін "Өшпес махаббат" хикаясының тұрақты көрермендері арасында керемет ұтыс ойыны өтті. Сериалда басты рөлді сомдайтын миллиондардың сүйіктісіне айналған танымал актер Бурак Озчивиттің қолы қойылған постерлер ойнатылды.

"Өшпес махаббат" хикаясында басты рөлді сомдайтын танымал актер Бурак Озчивит өзінің тығыз жұмыс кестесінен аз ғана уақыт тауып "31 арна" журналистеріне сұқбат берген еді. Миллиондардың сүйіктісіне айналған актер "Өшпес махаббаттың" әлемнің бірнеше елінде танымалдығы артқанын айтады. 

БУРАК ОЗЧИВИТ, актер:
- Оңтүстік Америкадан бастап, Грецияға дейін әлемнің әр түкпікіріне таралып танымал болды. Сондықтан қазақстандық көрермендердің көңілінен шығатынына сенімдімін. Ол жақтағы бауырларымыз да сүйіп көреді деп ойлаймын. Өйткені мен ол жаққа бардым, бізге деген сүйіспеншіліктеріне куә болдым. Бізді жақсы көріп, тіпті, табынушымыз көбейеді деп үміттенемін.
 
Табынушылардың саны артқаны анық. Себебі Бурак Озчивиттің қолы қойылған постерлерді ұтып алуға келген "31 арна" көрермендерінің саны көп. Арнайы өткізілген ұтыс ойынында "Өшпес махаббат" хикаясы мен актерлеріне қатысты сұрақтарға дұрыс жауап бергендер Бурактың қолы қойылған постерге ие болды.

АҚНҰР ЖАРЫЛҚАСЫНОВА, студент:

- Буракты жақсы көргеннен кейін бұл сериалды да ұнатамын. Бурактың барлық сериалдарын көремін. Енді соңғы көріп жатқаным - "Өшпес махаббат" сериалы.

ШЫРЫН ЮСУПОВА, студент:
- Өзінің харизмасы, өзінің түрі жағынан маған өте қатты ұнайтын актер. Тек қана Бурак емес, басқа актерларды да сүйіп көремін.  "31 арнаға" алғысымды айтқым келеді. 

Бурак Озчивиттің қолтаңбасы бар постер ұтып алған көрермендердің қуанышында шек жоқ. "Өшпес махаббат" хикаясын үзбей тамашалайтын ең танымал сериалдың көрермендерін алда әлі талай тосынсый күтіп тұр.

Жарас Ниязбек, Думан Сүлейменов

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян