Алматы облысында Үшарал әуежайының құрылысы қызу жүріп жатыр

Алматы облысында Үшарал әуежайының құрылысы қызу жүріп жатыр

18.03.17, 00:01

794 0
Алматы облысында Үшарал әуежайының құрылысы қызу жүріп жатыр. Енді Алакөлге туристер ұшақпен қатынайтын болады. 

Астана, Алматы және Талдықорған. Енді осы қалаларға Үшаралдан ұшақ қатынайтын болады. Қазір әуежай салынып жатыр. 50 адамға қызмет көрсетуге арналған нысан шомылу маусымы басталғанда жұмысын бастайды деп жоспарлануда. Жергілікті билік, туристер үшін билет құны да қолжетімді болатынын айтады.  Нақты құны белгіленбесе де  20-25 мың теңгеден аспайды.

ӘДІЛБЕК ТАҢҚАЕВ,  Құрылыс компаниясы директорының орынбасары:  

- Қазіргі таңда 52 адам жұмыс жасап жатыр. Осы бір екі күнде күн жылынғаннан кейін, адамның санын көбейтеміз. Бүгінгі таңда істелінетін жұмыстың барлығы жүргізіліп жатыр.

Қазіргі таңда Алакөл ауданында 132 туризм нысаны жұмыс жасайды. Биыл көл жағалауында 900 орынға арналған тағы 10 нысанның ашылуы жоспарлануда. Сондай - ақ, "Ақши темір жол" вокзалы салынады. Құны 186 миллион теңгені құрайтын жоба құрылысы мамырда басталып, қарашада аяқталады. 

ӘЛІБЕК ЖАҚАНБАЕВ,  Алакөл ауданының әкімі:

- Демалушыларға бірінші кезекте не керек? Оларға бірінші кезекте сервис керек. Осыған байланысты біз өзіміз нақты, нақты жоспарлар жасадық. Бірінші демалушыларға керекті көлдің жағасындағы тазалығы, оларға келіп демалып жататын орындары, содан кейін тамақтың сапасына жете көңіл бөлінді.

Алакөл көлінің ішкі жолдары, жарықтандыру мәселесі де басты назарда. Айта кету керек, емдік қасиеті мол, шипалы  Алакөл суына  келушілер саны жыл санап өсуде. Былтыр 450 мыңнан астам адам келсе, биыл олардың саны 700 мыңға дейін жетеді деп болжануда.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )