Көкшетауда талай жерде топ жарып жүрген спортшы Е. Галузинский бұзақылардың қолынан мерт болды

Көкшетауда талай жерде топ жарып жүрген спортшы Е. Галузинский бұзақылардың қолынан мерт болды

18.03.17, 00:24

1399 0
Көкшетауда талай жерде топ жарып жүрген спортшы Евгений Галузинский бұзақылардың қолынан мерт болды. Полицияның айтуынша, бір топ жігіт Евгенийді түн ортасында пышақтап  өлтірген. Күдікті ретінде бар-жоғы 18 бен 20  жас арасындағы колледж студенттері ұсталды. Қазір олардың неліктен мұндай қадамға барғандығы анықталып жатыр.

Оқиға «Автоқалашық» деп аталатын шағынаудандағы дәл осы көшенің тұсында болған. Куәгерлердің айтуынша, түнгі сағат үштер шамасында Евгений досымен такси күтіп тұрады. Қастарынан өтіп бара жатқан бір топ жас екеуіне сөзбен тиісіп, арты төбелеске ұласқан көрінеді. Досы сытылып, жақын маңдағы дүкеннің ішіне кіріп кеткен деген де ақпарат бар. Ал, жан-жақтан жабылған бес жігітке жығылмаған Евгенийді бұзақылар бірнеше жерінен пышақтауы мүмкін.

НҰРЖАН ДҮЙСЕМБИНОВ, Ақмола облысы баспасөз қызметінің өкілі:
- Нәтижесінде бір ер азамат бірнеше жерінен пышақталған жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Оқиға орнынан ізін суытпай 5 жас ер азамат ұсталды.

Евгений пауэрлифтингтен жетістігі көп спортшы. Бірге жаттыққан достары үлгілі спортшының енді қатарларына ешқашан оралмайтынына сене алмайтындарын айтады.

АСЫЛЖАН АЛМЕРДЕНОВ, досы:
- Біз үшін қайғы орын толмайтын. Осы Евгений спортта бала кезінен шұғылданып жүр. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы, әлем чемпионы, Азияның бірнеше дүркін чемпионы. Евгений өз бетімен ешкімге тиіспейтін, адамгершілігі мол жігіт болды.

Марқұмның артында әйелі мен бір жарым жасар кішкентай  қызы қалды. Үйінде жақындары болмағанымен,көршілері 25 жастағы  жігіт жайлы ойларымен бөлісті.

Жасұлан Искакова, көршісі:
- Жақсы жігіт болатын. Сәлемі түзу. Өзі сегізінші, мен бесінші қабатта тұрамын. Көріп қалса, үнемі қолымдағы затымды пәтеріме дейін апарып тастайтын.

Ал, төбелес кезінде қасында болған Олег Бойконы тіпті Евгенийдің спортшы достары да іздеп, таппай жатыр. Әлеуметтік желілерде Олег дүкенге кірген соң, күзетшіден көмек сұрағанын, ал күзетші көмектесуден бас тартқандығын айтқан болатын. Алайда, күзетші бұл жалған ақпарат дейді.

Ішкі істер департаментінің мәліметі бойынша,  қазір азаматты пышақтаған 18 жастағы күдікті қамауға алынды. Қылмысқа қатысы бар қалған төртеуіне әзірге аумақтан шықпау және шақырту бойынша уақытылы келу міндеттемісі берілі, әзірге үйлеріне жіберілген. Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.  

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян