Қайыр тілегендер

Қайыр тілегендер

18.03.17, 00:29

1301 0
Шымкентке көктем келіп, күн жылынғалы көше қиылыстарында автокөлік жүргізушілерінен қайыр сұраушылар көбейген. Тар көшелердегі көлік кептелісіне қарамастан, темір тұлпарлардың жолын бөгейтіндері көп. Жүргізушілер бұл жол қозғалысына кедергі келтіргеннен бөлек, қайыр сұраушының өміріне де қауіпті екенін айтады.      

Шымкенттің көше қиылыстарында автокөлік жүргізушілерінен қайыр тілеушілер қайтадан бой көрсете бастады. Өзін Виталий деп таныстырған 45 жастағы шымкенттік тұрғын көше қиылысында қайыр сұрап, күн кешетінін айтады. Әрекетін «зейнетақы алмаймын әрі тұрақты жұмысым жоқ» деп ақтайды. Күнде шығатын болсам, бір адамның айлығын жинауға болады, - дейді.

ВИТАЛИЙ, тұрғын:
 - Ну а что, я тоже человек. Я тоже хочу кушать. За день?
 - Да, если не секрет.
- Хорошо, я скажу. Ну, три-четыре тысячи.

Бұл азаматты ұстап әкетпек болған полицейлер түсірілім тобын көре сала, азаматты жөніне қоя берді. Ұстауға негіз жоқ, қайыр сұрағанын көрген жоқпыз, тек жолға шықпа деп ескерттік дейді.

Патрульдік полиция инспекторы:
- Пока қайыр сұрағанын көрген жоқпыз. Мына жерде машина қағып кетсе, біз кінәлі боламыз... Бірақ әрекет басқаша болды.

Қала көшелерінің кейбір қиылыстарында қайыр сұраушылардың тұрақты орынға айналдыруы полицейлер жоққа шығарады. Жыл басынан қайыр сұраумена йналысқан 57 тұлға анықталып, түрлі дәрежеде айыппұлдар салынған көрінеді. Ал көршілес елдерден келген қайыршы әйелдерді жауапқа тартуда қиындықтар бар екен.

ЕРЛАН АСҚАРОВ, Шымкент қалалық жергілікті полиция басқармасы Абай аудандық бөлімі бастығының орынбасары:
- Қиындықтар бар, әрине. Мысалы үшін шетелден келген азаматшалар Олар өздері көшеде жүргенімен қоймай, қолдарында кішкене сәбилері болады. Соларды қабылдау-тарату бөліміне алып барған жағдайда, баласымен бірге орналастыру мүмкін емес.

Полиция сонымен қатар тұрақты рейдтік іс-шаралар басырысында да мұндай азаматтар назардан тыс қалмайтынын жеткізді.  

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян