Елдегі тоғандардың бәрі де қалыпты жағдайда

Елдегі тоғандардың бәрі де қалыпты жағдайда

18.03.17, 00:38

913 0
Елдегі тоғандардың бәрі де қалыпты жағдайда. Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішев бүгін журналистерді арнайы жинап осындай мәлімдеме жасады.

Ислам Әбішевтың айтуынша, қазіргі таңда елдегі гидроқұрылғылардың бәрі дерлік жекеменшіктен мемлекеттің құзырына өтіпті. Осыдан 1 айдай бұрын ішкі істер министрі "Бұқтырма", "Өскемен", "Кеңгір" сынды ірі су қоймалары 90 пайызға дейін толып тұрғанын айтқан болатын. Қалмұханбет Қасымов қардың еритін кезеңі алда екенін айтып, алаңдаушылығын жасырмаған еді. Алайда, министрдің дәйектерін еске салып, қазіргі судың дейгейін білмек болғанымызда Ислам Әбішев "әркім өз саласына жауап берсін" дегенге меңзеді. Бірақ, кімге арнағанын нақтыламады.

ИСЛАМ ӘБІШЕВ, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің төрағасы:

- Мен жалпы, маман емес адамдардың... Мысал үшін мен қазір гинекология жөнінде бір мәселе айтсам ол енді ыңғайсыздау болады ғой. Су қаупінен қорқатын болсақ су ұстамай-ақ қояйық. Электрэнергиясын өндірмейік, суармайық. Біз оның маманымыз. Әрине, біз де қателесуіміз мүмкін. Мысалы үшін 1 айдың ішінде 20 миллиард келіп қалса. Оған мен жауап бере алмаймын.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян