«Тұмар» - Информбюрода

«Тұмар» - Информбюрода

18.03.17, 00:44

1557 0
Осы айтулы шараның көрінісі арнамызға бірер минут бұрын ғана келді. Қазақстанда тұңғыш рет өтіп жатқан "Тұмар" сыйлығы қызыл кілем, қаз-қатар тізілген бейнекамералардың көмегімен өткізілді. Осы "Оскар" сыйлығын табыстау рәсіміндей ұйымдастырылған шарада  "Информбюро" - ақпараттық бағдарламалар ішінен топ жарды.

Қазақстандық телевизияның сапасын арттырып, өз ісінің шеберлерін қолдауға арналған шара 12 номинация бойынша үздіктерді анықтады. Республикалық әрі аймақтық ақпарат таратушылардың 2016 жылғы эфирге шыққан материалдары байқауға түскен болатын. "Тұмар" сыйлығы енді жыл сайын табысталады деп жоспарланып отыр.

МАҚСАТ ТОЛЫҚБАЙ, "Информбюро" бағдарламасының жүргізушісі:
- "Информбюроны" білесіздер. Қашан да халықтың сөзін сөйлеп келе жатыр. Сондықтан, "Алаш" көсемі Әлихан айтпақшы "Халыққа қызмет етпей қоймаймыз!".

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян