Серік Ахметов ісі бойынша соңғы фигурант бостандыққа шығатын болды

Серік Ахметов ісі бойынша соңғы фигурант бостандыққа шығатын болды

18.03.17, 00:49

1096 0
Бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов ісі бойынша соңғы фигурант бостандыққа шығатын болды. Сот алқасы «Метталургия-Металлөңдеу» компаниясының экс-директоры Болатбек Ысқақовтың мерзімнен бұрын шығу туралы өтінішін толықтай қанағаттандырды.

Болатбек Ысқақовтың өтелмеген 1 ай 23 күні қалған. Қазір сотталушы АК 159/1 түзеу мекемесінде. Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ. Бұрынғы премьер - министр Серік Ахметовпен бірге  «Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иелену» бабы бойынша бір жарым жылға сотталған болатын. Ал ақпан айында Болатбек Ысқақов рақымшылыққа ілігіп, жазасының 4-тен 1 мерзімі қысқарылған еді.

ӘЛИЯ ЖОШЕВА, Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық сотының судьясы:

- Сотталушы Болатбек Ысқақов Жұмабекұлының мерзімінен бұрын бостандыққа шығу туралы өтініші қанағаттандырылды. Енді сотталушы пробациялық бақылауда болады, оған тұрғылықты жерін ауыстыру мен түнгі сағат 11-ден кейін көпшілік орындарында болуға тыйым салынды.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян