"Жанұя" кешенінің балалары сәуір айында да "Наурыз мерекесін" ерекше тойлады

"Жанұя" кешенінің балалары сәуір айында да "Наурыз мерекесін" ерекше тойлады

20.04.17, 18:50

Қымыз, шұбат, бауырсақ, наурыз көже. Киіз үйдің ішінде қазақтың ұлттық тағамдарын әзірлеп, ән мен биден шашу шашқан "Жанұя" кешенінің балалары сәуір айында да "Наурыз мерекесін" ерекше тойлады.

 

Ата-анасын күн сайын, тіпті минут сайын сарыла күтетін балалар бір уақыт уайымдарын ұмытып, күлкіге ерік берді. Эстрада жұлдыздарының өнерін тамашалап қана қоймай өздері де солар сияқты жиналған жұртқа бар өнерлерін паш етті. Бүгінде балалар үйінде 500-ге жуық бала тәрбиеленіп жатыр.    

 

ЛӘЗЗАТ ҚҰЛСАРИНА, "Жанұя" кешенінің басшысы:

- Олардың 72  жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балалар  болып саналады. Мұндай шараларды жыл сайын өткіземіз.

 

Наурыз мерекесінің қадірлі қонағы ретінде арнайы келген ҚР Халық әртісі Ескендір Хасанғалиев балақайларға ақ батасын беріп, ақшалай көмек те көрсетті.

 

ЛАУРА БИҒАЛИ, тілші:

- "Жанұя" балалар үйінің басқа балалар үйінен ерекшелігі, мұнда ағайынды, яғни туған бауырларын бір-бірінен ажыратпайды.  Сәлем балақайлар, есімдерің кім? Менің атым Әделя, менің атым Темірлан. Біз ағайындылармыз.

 

Осылайша, ұлыстың ұлы мерекесі Наурызды әр жыл сайын "Жанұя" балалар үйінің тәрбиеленушілері асыға күтеді екен. Биыл бұл мерекені үшінші жыл қатарынан тойлап жатыр.

 

Лаура Биғали, Ринат Абулхайыров

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Жаңа бейнебаян

Басқа жаңалықтар