Қазақстан елшісі маорилермен мұрын түйістіріп амандасты

Қазақстан елшісі маорилермен мұрын түйістіріп амандасты

20.04.17, 18:51

716 0

Жаңа Зеландияның генерал-губернаторына сенім грамотасын тапсырған Қазақстанның елшісі ерекше кездесуге қатысты. Дипломат Үсен Сүлейменді арал мемлекеттегі байырғы маори тайпасы хака биімен қарсы алып, хонги дәстүрімен мұрын түйістіріп амандасты.

 

Елшімен амандаспастан бұрын дәстүрін берік ұстанатын маори тайпасының өкілдері осылай дауыс көтеріп, топтасып би билеген. Аз уақыттан соң біреуі алға шығып, найзасын әрлі-берлі ойқастатып барып, елшінің өзіне қарай жақындауын бұйырады. Содан кейін "Киа ора", яғни, сәлеметсіз бе деп, жүздерін тақап, мұрын түйістіріп амандасқан. Айта кетейік, қазіргі таңда Жаңа Зеландия халқының 23 пайызы осы маори тілінде сөйлейді. 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян