Б.Әйтімова: «Депутаттардың да сана-сезімі бар, санасыздар»

Б.Әйтімова: «Депутаттардың да сана-сезімі бар, санасыздар»

20.04.17, 18:52

642 0

Депутаттардың да сана-сезімі бар, санасыздар жоқ. Бүгін сенатор Бірғаным Әйтімова қоғамның санасын жаңғырту бағдарламасын жүзеге асыру бойынша Ұлттық комиссия құру мәселесіне қатысты қойылған сауалға осылай жауап беріп, оларды сайлаушылар сайлағанын ескерте кетті. Яғни, Әйтімованың пікірінше, халық  парламентке лайықты адамдарды сайлаған.

 

БІРҒАНЫМ ӘЙТІМОВА, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Депутаттар сана-сезімі бар адамдар, санасыз депутаттар арамызда жоқ. Депутаттарға сын айтқанға шеберсіздер, онда мен сіздерге бір сауал қояйын, оларды кім сайлады? Сайлаушылар сайлады емес пе?! Сенаторларды да мәслихат арқылы сайлайсыздар.   Ендеше, қызметке лайықты адамдарды сайлаңыздар. Менің пікірімше, халық лайықты депутаттарды сайлаған.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян