Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары бірінен соң бірі ауруханаға түсіп жатыр

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары бірінен соң бірі ауруханаға түсіп жатыр

20.04.17, 18:52

Талдықорған қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары бірінен соң бірі ауруханаға түсіп жатыр. Бүгін бір күнде 8 оқушы инфекциялық ауруханаға жатқызылған.

 

ХАСАН САГИ, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:

- Рыбный котлет жегем. Содан бері ауырып қалдым. Кеше ішім өтіп, құсып, үйде жаттым. 

 

Ауруханаға түскен балалардың сөзінше, олар мектептегі асханадан тамақтанғаннан кейін өздерін жайсыз сезінген.  Қазір барлығы дерлік тиісті емдерін қабылдап жатыр. Дәрігерлер науқастардың жалпы жағдайы орташа деп бағалауда. Ал Назарбаев зияткерлік мектебіндегілер бұл жайт бойынша әзірге сұқбат бере алмайтындарын айтты.

 

КҮЛӘЙША ӨНЕР, дәрігер:

- Асқазан-ішек жолдары негізінен зақымданған. Қазіргі клиникалық белгілері асқазан ішек жолдарының зақымданғанын көрсетіп тұр. Ары қарай анализдерден белгілі болады. Шұғыл хабарлама санэпидстанцияға жіберілді. Бұл санэпидстанция ары қарай өзінің алдын алу шараларын жүргізуде.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Жаңа бейнебаян

Басқа жаңалықтар