Сирия елінде халықты өзге жаққа көшіру жалғасып жатыр

Сирия елінде халықты өзге жаққа көшіру жалғасып жатыр

20.04.17, 18:53

Азаматтық соғыс жүріп жатқан Сирия елінде халықты өзге жаққа көшіру жалғасып жатыр. Президент Башар Асадтың қарсыластары Дамаск маңындағы Забадани қаласынан кетіп, оппозиция қарамағындағы елді мекендерге бет түзеді. Сондай-ақ, Хомса қаласының маңында шоғырланған қарулы әскерлер бүтін отбасымен үдере көшті. Көтерілісшілердің қоныс аударуын Ресейдің және Асадтың әскерлері жіті қадағалап жатыр.

 

Сирия үкіметі мен оған қарсы қарулы күрес жүргізіп жатқан көтерілісшілер төрт қаладан 30 мыңға жуық бейбіт тұрғынды көшіру туралы келісім жасасқан болатын. Асадтың Идлиб маңындағы ауылдарда тұратын жақтастары Алеппо қаласына көшіріліп жатыр. Екі тарап та сириялықтарды мекен ауыстыруы үшін автобуспен қамтамасыз етіп, терракт болмауын барынша қадағалауға тырысуда. Айта кетейік, 15 сәуірде бейбіт тұрғындарды осылай эвакуациялау кезінде автобустар легінің қасында жарылыс болып, жүздеген адам қаза болған.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Жаңа бейнебаян

Басқа жаңалықтар