БҰҰ Халықаралық соты Ресейге Қырымдағы татарлардың құқықтарын аяқасты етпеуді міндеттеді

БҰҰ Халықаралық соты Ресейге Қырымдағы татарлардың құқықтарын аяқасты етпеуді міндеттеді

20.04.17, 18:53

750 0

Біріккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық соты Ресейге Қырымдағы татарлардың құқықтарын аяқасты етпеуді міндеттеді. Сот Қырым халқы қалаған тілде білім алуға құқылы деп, Кремльден олардың украинша оқуына мүмкіндік беруді талап етті. Сондай-ақ, Ресейде экстремистік деп танылған қырым татарларының мәжілісіне қайтып жұмыс істеуге рұқсат берілсін делінді.

 

Украина  екі бірдей халықаралық конвенцияны бұзды деп Ресейдің үстінен Біріккен Ұлттар ұйымының сотына қаңтар айында шағым түсірген болатын. Бірінші арызында Киев Ресейді Донбаста өздерін тәуелсіз мемлекетпіз деп жариялаған сепаратистерді қаржыландырды деп айыптап, Украинада болған террористік актілерге Ресейді жауапты деп тануды сұраған. Ал екінші арызында Киев Ресей Қырым татарларын  нәсіліне қарай кемсітті деп айыптаған. Гаагадағы сот терроризмді қаржыландыру бойынша істе дәлелдемелер жеткізіліксіз деп танып, тек бір шағымды ғана қанағаттандырды. Бұл соттың аралық шешімі, енді тараптар мамыр айында тағы кездеседі.

 

ПЕТР ПОРОШЕНКО, Украина президенті:

- Гааганың шешімі, менің ойымша, көп нәрсеге сенім ұялатады. Ең бастысы екі іс бойынша да сот талап-арыздардың берілуін заңды деп тапты. 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян