Жұлдыздар жарқырайды: Сахна сыртындағы Димаш, Асхат Тарғыновтың тойы

Жұлдыздар жарқырайды: Сахна сыртындағы Димаш, Асхат Тарғыновтың тойы

21.04.17, 19:04

1736 0

Димаш Құдайбергеннің сахна сыртында қалған тағы қандай сыры бар ?

Әнші Қайрат Нұртас нені тойлап жүр?

"Чип-чибі" хит болған Асхат Тарғынов неге қобалжиды?

  

Бүкіл әлем көз тіккен қытайдың «Мен әншімін» байқауынан екінші орын алған Димаш Құдайберген әзірге еліне оралмайтын түрі бар. Себебі, әнші тек аспан асты елін ғана емес, бүкіл Еуропаны, тіпті шоу-бизнесі қарқынды дамыған Американың өзін өнерімен бағындырмақ ниетте екен.

 

Димаш алдағы жоспары жайлы «31 арна» тілшілеріне берген эксклюзивті сұхбаттында толығырақ айтатын болады. Байқаудың келісімшарты бойынша, Димашқа жоба жайында өзге ақпарат құралдарына сұхбат беруге тыйым салынғандықтан, жерлесіміздің байқаудан алған әсері мен сәлемін жазу оңайға соқпады.

 

Димаш Құдайберген, әнші:

- Осындай, әлемдік денгейдегі әнші әпке ағаларыммен бір сахнаға шығып өнер көрсету мен үшін үлкен мәртебе.

 

Сонымен қатар, конкурстың сахна сыртында қалған сырларын, ұйымдастырушылар мен қатысушылардың көпшіліктен не жасырғанын да әнші ашып айтпақ.

 

Димаш Құдайберген, әнші: 

- Мен чемпионным деп айта аламын өзімді.

 

: Димаш пен «Хунань тв» арнасы арасында жасалған келісімшарт бойынша, әншіге енді не істеуге қатаң тыйым салынады? Димаш Қазақстанда өнер көрсете ала ма? Одан бөлек «Мен әншімін» сайысында 14 айналымда орындаған Димаштың хит әндерін осы сенбі, яғни ертең «31 арнадан» кешкі сағат 21:00-де гала-концерттен тамашалай аласыздар.

 

Димаш әлемді таңқалдыруға аттанса, ал қазақ эстрада жұлдыздары би билеуге кірісіп кетіпті. Тойдан күреп ақша табатын әнші Қайрат Нұртас жыл сайын анасының туған күн кешін өткізуді өз мойынына алатын болған. 

 

Гүлзира Айдарбекова, Қ.Нұртастың анасы:

- Ақшалай берді. Өзіңіздің қалағаныңызды алыңыз деп.

 

Құпия болмаса қанша қаржы берді екен?

 

Гүлзира Айдарбекова, Қ.Нұртастың анасы:

 - Сол соманы айтпай-ақ қояйыншы.

 

Гүлзира ханым туған күн кешіне барын киіп, бақанын таянып келген шоу-бизнес өкілдеріне арнап  250 орынға дастархан жайды. Тойға халық артисінен бастап, хит жұлдыздарға дейін жиналған. Оған қоса дүркіреген кеш шаһардағы ең қымбат мейрамханалардың бірінде өтті. Кеште артистер би билеп, әннен шашу шашып қана қоймай, ақ тілектерін айтып, Гүлзира ханымның құшағын хош иісті гүлге толтырды.

 

Ал 35 жастағы әнші Асхат Тарғынов екінші рет құсын қолына қондырды.

 

Әншінің таңдауы 23 жастағы Ақтөбенің тумасы Әлия есімді аруға түсіпті.

 

Асхат Тарғынов, әнші:

- Бірінші тегін сұрадым, қыздың өзінен емес, жан-жағынан сұрадым ата-анасын сұрадым. Маған ұнағаны өзіміз сияқты қарапайым отбасынан шыққан жақсы кісілер. Өзі де ибалы, тәрбие көрген ең бастысы өзіміз сияқты өзімді сыйлап құрметтейді. Өзімді сыйлап, құрметтегеннен кейін мен де оған қатты сөз айтуға анау- мынау деуге қақым жоқ.

 

Қос ғашық тойлардың  бірінде танысыпты.

 

Асхат Тарғынов,әнші: 

- Досымның балдызы. Досым тойына шақырғанда бардым, сол кезде таныстым. Таныстығымыз сол кезден басталды. Телефон арқылы  уатсаппен сөйлесіп, әңгімелесіп,  дос болып бір жылдай араластық. Кейін жақсы әңгімеміз жарасып, нәтижесі осындай болды.

 

Тойды актер  Жанатбек тізгіндесе, ал келіннің бетін әнші Өмірқұл Айниязов ашты.

 

Екі жасқа әріптестері де ақ тілектерін жаудырды.

 

Ал Қытайдың "Мен әншімін" байқауына қатысып асығы алшысынан түскен қазақтың Димашын бүгінде бүкіл әлем таныды. Өнерімен миллиардтаған қытайдың жүрегін жаулаған Димаш өз елінде бар құрметке лайық. Тағы да айтамыз: сенбі. 21:00. 31 арнада гала-концерт!

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян