"Өнер қырандары" театры Қазақстан қалаларын аралауды бастамақ

"Өнер қырандары" театры Қазақстан қалаларын аралауды бастамақ

21.04.17, 19:04

630 0

Астарлы әзіл, мағыналы қойылымдарымен танылған "Өнер қырандары" театры "Берекелі мереке" концерттік бағдарламасымен Қазақстан қалаларын аралауды бастамақ.

 

Биылғы "Берекелі мереке" концертін Оңтүстік Қазақстан облысынан бастайтын "Өнер қырандарының" қойылымдары "31 арнадағы" ең көп көрілетін бағдарламалар қатарына енген. Алғаш рет еліміздің бірнеше қаласына барып өнер көрсететін ұжым концертте Ораза айының насихатына аса мән берген.   

 

МАДИЯР СЕРІКБАЕВ, "Өнер қырандары" театрының жетекшісі:

- Қасиетті ораза айындағы ораза ұстау туралы көп сұрақтар. Ораза ұстаған адам былай істесек болады ма? Суға түссек болады ма? Түкірік жұтсақ бола ма, болмай ма деген сияқты қызықты сұрақтар. Соларды қызықты қойылыммен көрсетеміз.

 

Қоғамдағы маңызды жайттарды ескеріп, көпшілікке ой саларлық қойылымды әзілмен көрсеткісі келетін театр әр бағдарламаны діни басқармамен келісіп барып сахналайды. Әзілмен астасқан көріністер де діни қызметкерлер тарапынан бақылауда.

 

САНСЫЗБАЙ ҚҰРБАНҰЛЫ, ҚМДБ шариғат және патуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары:

- Біреудің көңілін ауыртпау керек. Біреуді масқараламау керек. Бұл жердегі әзіл шындықпен жанасу керек. Сол кезде оның оқасы болмайды. Қазір рамазан жөнінде өткізейін деп жатыр. Бұл өте жақсы.

 

Рухани кешті көруге келген әр көрерменге театр атынан, діни басқарма атынан арнайы сыйлықтар әзірленген. Қазақстан қалаларын аралап келгеннен кейін "Берекелі мереке" концерті 21 мамыр күні Алматы қаласында өткізілмек.

 

Жарас Ниязбек, Сергей Шуйский

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян