Канаданың Ньюфаундленд аралына көп қабатты үймен бірдей, алып мұзтау жүзіп келді

Канаданың Ньюфаундленд аралына көп қабатты үймен бірдей, алып мұзтау жүзіп келді

21.04.17, 19:05

844 0

Канаданың Ньюфаундленд аралына көп қабатты үймен бірдей, алып мұзтау жүзіп келді. Оның көлемі 1912 жылы әйгілі "Титаникті" Атлант мұхитына батырған айсбергтен де үлкен екен.

 

Канаданың шағын Ферриленд атты балықшы ауылы бір күнде дүниежүзіне танылды. Оның жағалауына жүзіп келген айсбергті тамашалау үшін әлемнің түкпір-түкпірінен туристер мен кәсіби фотографтар ағылып келді. Айсбергтің биіктігі 46 метрге жетеді. Ол таяз жерге келіп тіреліп қалған соң ағыспен ашық мұхитқа жүзіп кете алмай қалған. Лабрадор түбегі мен Ньюфаундленд аралының арасындағы бұғазды "Мұзтаулар аллеясы" деп те атайды. Сондықтан, бұл аймақта табиғаттың қолымен ойылған алып мұздар жиі жүзіп өтеді екен. 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян