Ресейдің Жоғарғы соты "Иегова куәгерлері" діни ұйымын экстремистік деп таныды

Ресейдің Жоғарғы соты "Иегова куәгерлері" діни ұйымын экстремистік деп таныды

21.04.17, 19:05

912 0

Ресейдің Жоғарғы соты "Иегова куәгерлері" діни ұйымын экстремистік деп танып, қызметін жалғастыруға тыйым салды. Сот шешімі бойынша бірлестікке тиесілі барлық мүлік пен банктердегі шоттар мемлекеттің пайдасына аударылатын болады. 

 

Ресей билігі "Иегова куәгерлері" ұйымын қоғамға іріткі салып, отбасыға жанжал әкелетін қауіпті секта деп таныды. Бұл ілім христиан дінінің бір тармағы саналады. Ұйымның штаб-пәтері АҚШ-та орналасқан, ал дүниежүзі бойынша оның 8 миллионнан астам ұстанушысы бар екен. Олар үй-үйді аралап, қатарларын көбейту үшін үгіт-насихат жүргізеді. "Иегова куәгерлері" ұйымының өкілдері соттың шешімімен келіспейтінін әрі аппеляцияға беретінін мәлімдеді.  Аталмыш сектаның қызметіне Қытай, Солтүстік Корея, Өзбекстан, Тәжікстан сияқты бірқатар мемлекеттерде де тыйым салынған.  

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян