Алматыдағы барлық колледждер арасында тұңғыш спартакиада басталды

Алматыдағы барлық колледждер арасында тұңғыш спартакиада басталды

21.04.17, 19:06

548 0

Алматыда қала аумағындағы барлық колледждер арасында тұңғыш спартакиада басталды. Алайда бұл спорт мерекесінде студенттер емес, тек білім беруші ұстаздар ғана бақ сынайды. Спорттың 10 түрінен өтетін ауқымды іс-шараға 32 колледж қатысуға ниет білдірген. Алғашқы спартакиаданы өткізу орны ретінде Жолаушылар көлігі және технологиялар колледжі таңдалыпты.

 

СЕЙІТБЕК СҮЛЕЙМЕНОВ, Алматы жолаушылар көлігі және технологиялар колледжінің директоры:

- Осыдан үш жыл бұрын жаңадан ашылған еді. Жаңа типте салынған колледж. Территориямыздың өзі 4 гектар. Біз биыл өз колледжімізде спартакиаданың алғашқы маусымын салтанатты түрде ашып жатырмыз.

 

Спорт мерекесі бір айға жалғасады. Жастарға кәсіптік, техникалық білім беретін оқу орындарының ұстаздары бір жерге топтасып, ашық бәсекеде сайысқа түседі. Ал Алматыда мемлекеттік және жекеменшік 82 колледж бар. Солардың басын қосқан колледждер қауымдастығы тұңғыш спартакиаданы ұйымдастыруды өз қолына алған. Қауымдастық басшысы "студенттерге спортпен шұғылдан деп жүз мәрте айтқаннан бір рет көрсеткен артық" дейді. 

 

ЖАНТІЛЕУ ӘЗІСХАНОВ, Алматы колледждері қауымдастығының президенті:

- Сөзді айтуын айтамыз да, кейде өзіміз үлгі көрсетпейміз. Сол себепті біздің ұстаздарды спортқа бейімдеп, осыларды ортасында балаларға да үлгісін көрсетсін деген бірінші ниетіміз болды. Бұндай шараларды біз бұрын әр колледждің өзінде ғана жасайтынбыз. 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян