Бұдан былай Ақтөбедегі бау-бақша учаскелеріне үй тұрғызуға рұқсат мүлдем берілмеуі мүмкін

Бұдан былай Ақтөбедегі бау-бақша учаскелеріне үй тұрғызуға рұқсат мүлдем берілмеуі мүмкін

21.04.17, 19:06

603 0

Бұдан былай Ақтөбедегі бау-бақша учаскелеріне үй тұрғызуға рұқсат мүлдем берілмеуі мүмкін. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев саяжайда заңсыз салынған баспаналарды толығымен сүріп, орнына басқа жерден жер телімін беру керек деді. Және қауырт жұмыстың орындалуына екі жыл уақыт берді. Бірақ өңір басшысы жер берілгенімен, үй құрылысы жағына әкімдіктен көмектің болатын-болмайтынын айтқан жоқ. Ал бұған дейін атқарған істеріне разы болған халық, бұл жолы әкімді қолдай қоймады.

 

Тасқыннан кейін Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев бау-бақша учаскелерінде оңды-солды салынып жатқан үйлерді толықтай тексеруді тапсырды. Ол екі жылдың ішінде тұрғылықты массивке айналған саяжайлардағы тұрғын үйлерді іріктеп, заңсыз салынғандарын жаппай сүруге жібермек. Тіпті алдағы уақытта Ақтөбедегі бау-бақша учаскелеріне үй тұрғызуға рұқсат мүлдем берілмеуі де мүмкін.

 

БЕРДІБЕК САПАРБАЕВ, Ақтөбе облысының әкімі:

- Нам надо наконец-то поставить точку этим дачам. Кто там будут жить. Живет он? Дом есть? Значит на него надо узаконить если положено. Если нет, ему надо дать земельный участок, пусть он там строит дом. Нельзя так каждый год нам мучатся. Каждый год проблема одни и те же. Основной все это связано с дачным массивом. Екі жыл давай поставим точку.

 

Ал бес баланың анасы Салтанат Тұрғанова облыс әкімінің бұл ұсынысына келіспейтінін айтады. Ол "жергілікті әкімшілікте көп балалы ана ретінде кезекте тұрсам да, биліктен бір телім жер ала алмадым", -дейді. Ақыры жиған - тергендері тек бау-бақша участкесіндегі жер теліміне жеткен соң, қолдарынан келгенше үй тұрғызғандарын айтады. Көп балалы ана, онсыз да жылдар бойы қарызданып, қауғаланып салған баспанасын тастап кетпек емес. Өйткені билік жер берсе де, үй тұрғызатын ақшамыз жоқ,-  дейді.

 

САЛТАНАТ ТҰРҒАНОВА, тұрғын:

- Үкімет жер бермейді. Неше жылдан бері очередьте тұрғандар бар. Беріп болмайды 10 жылдап, 15 жылдап кетеді. Сосын осындай арзан болғаннан кейін осындай жерлер қолжетімді болғаннан кейін келіп тұрамыз. Үкіметке сеніп жүре берсең қаңғып жүре бересің.

 

ЖАНАР ҚОЖАНОВА, тілші:

- Қазір өзен сағасын бойлай орналасқан саяжайлардағы 700 -ге тарта үй тасқын судың астында қалды. Ал бастарындағы жалғыз баспаналарынан айырылған 2000- ға жуық тұрғын бір аптадан бері мектептердің спортзалын паналап отыр. Олар әзірге қайда барып бас сұғатындарын және суда қалған үйлеріне не болатынын білмейді. Ал су жағасындағы саяжай тұрғындарын қауіпсіз аймаққа көшіру керек деген ой билікке тасқыннан кейін ғана  келген сыңайлы.

 

Жанар Қожанова, Бағдат Баймурзин

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян