Тасқын енді Петропавлға қауіп төндіріп тұр

Тасқын енді Петропавлға қауіп төндіріп тұр

21.04.17, 19:07

888 0

Еліміздің солтүстігінде онға жуық ауылды басқан тасқын суы енді Петропавлға қауіп төндіріп тұр. Тасыған Есіл өзені қала іргесіндегі үш бірдей шағын ауданды шайып кетуі мүмкін. Сол себепті әкімдік тұрғындарды қауіпсіз аймақтарға көшіруге дайындалып жатыр. Айта кеткен жөн, биыл Сергеев су қоймасындағы судың деңгейі үш жарым метрге дейін көтеріліп, соңғы жылдардағы рекордтық көрсеткішіке жеткен.

 

Арнасынан тасыған Есіл өзенінің суы Петропавл қаласына жақындап қалды. Осылай деген биліктегілер қала маңындағы үйлердің жанынан биіктігі екі метр, ұзындығы 3 шақырым бөгет құрып жатыр. Өйткені қатты екпінмен аққан тасқынмен бірге жүрген мұз сеңі халықтың өміріне қауіп төндіруі мүмкін.

 

Қазір қаланың үш бірдей шағын ауданы қауіпті аймақта тұр. Ондағы он мыңға жуық адамды қауіпсіз жерге көшіруге дайындықты әкімдік қызметкерлері таңертеңнен бастап жүргізіп жатыр.

 

ҚҰМАР АҚСАҚАЛОВ, СҚО әкімі:

- Шеткі аудандарды өзім жеке аралап шықтым. Үш мектепте нөмірі 12,13,14 орта мектептерінде қабылдайтын орын дайын.

 

Ал облысқа қарасты Николаевка ауылында онға жуық үй судың ортасында қалды. Уақытша мектепті паналап жатқан жұрт баспаналарын тек қайықпен жүзіп келіп, бақылап жүр. 

 

ТАТЬЯНА ПОПОВА, Николаевка ауылының тұрғыны:

- Конечно жалко. Родной дом. Столько лет не было воды. А сейчас все в воде.

 

РУСЛАН ЖАСҰЛАНҰЛЫ, тілші:

- Ауладағы судың деңгейі менің тіземе жетіп тұр. Халықтың бар жинаған мүлкі судың ортасында. Қорадағы жем-азықты да шығарып үлгермей, суда қалғанын айтады.

 

ЛЮБОВЬ ЩЕРБИНИНА, Николаевка ауылының тұрғыны:

 

 

ЛЮБОВЬ ЩЕРБИНИНА, Николаевка ауылының тұрғыны:

- Үйіміз балшықтан салынған. Қабырғалары ылғалданып кетті. Үйден су кеткенше қандай жағдайда қалатынын да білмеймін.

 

Ал облыс әкімі енді Петропавл қаласына үлкен су алдағы демалыста келе бастайды дейді.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян