ЭКСПО-ның әзірлігін тексерген президент шенеуніктердің шаңын қақты

ЭКСПО-ның әзірлігін тексерген президент шенеуніктердің шаңын қақты

21.04.17, 19:07

1156 0

48 күннен кейін ашылатын ЭКСПО-ның әзірлігін тексерген президент бүгін Астананың бетін ғана жуып-шайып қойған шенеуніктердің шаңын қақты. Ескі үйлердің суретін елорда басшысы Әсет Исекешевке көрсетіп, экс-әкім Әділбек Жақсыбековтің тұсында мұндай былық болған емес деп сөкті. Мемлекет басшысы шенеуніктерге тура Ақорданың қасындағы сынып жатқан тас тақталарды көрсетіп, "қонақ күтсек, ең болмаса мойнымызды жуайық" деген кекесінді кеңес айтты.

 

Маусымның басында ашылатын ЭКСПО көрмесіне қазір соңғы дайындықтар жүргізілуде. Халықаралық шараға тура 48 күн қалғанда Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі әзірлікті тексеруге келді. Президент алдында есеп берген елорда әкімі шараға келетін 2 миллион қонақты күтіп алуға сақадай саймыз деп баяндады. Туристерге ұялмай қызмет көрсету үшін, полицейлер мен дәрігерлерге дейін ағылшын тілін меңгеріп, мейрамханалар түрлі ас мәзірлерін үйреніп алыпты. Алайда, дүбірлі шараға Астананың әзірлігі Әсет Исекешев айтқандай болмай шықты. Бәрін тізіп шыққан президент ең алдымен елорданың көркін бұзып тұрған ескі үйлердің қалғанына ашуланды. Бетін ғана жуып шайған шенділерге ескерту жасады...

 

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Посмотрите, как у нас выглядит центр города. Смотри. С той стороны театр оперы знаменитый наш, видишь? Еще другие места есть, вот, в центре города.  О чем мы говорим? Туда туристы пойдут, сфотографируют, покажут по всему миру. Лицо помыли, а задница вся дырявая, смотри.

 

Ал, қаланың шетін қойып, тура президенттік сарайдың тас тақталары түсіп жатыр. Құрылысшылар қоқысын да шығармай кетеді. Қарап, қадағалап жатқан ешкім жоқ деген президент, Исекешевке экс-әкім Жақсыбековтың тұсында мұндай болған жоқ деп тиісті. Ал қазірдің өзінде кептеліп тұратын Астана көшелері екі миллион турист келгенде қалай қозғалатынын ешкім айта алмады. Шенділер президентке талай мақтап, миллиондарға орнатқан ақылды бағдаршамдар түкке де жарамай қалған. Ал Ақордадан Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі күнде көретін қымбат үйлердің сыртқы келбеті елбасыға мүлдем ұнамайды екен...

 

НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Раз уж мы гостей принимаем, шею-то надо мыть, желательно. Посмотрите фасады наших некоторых домов. Прямо у Президента "под носом" все эти плитки выпали, никому дела нет

 

Әсет Исекешев Астанадағы жыртық жолдар мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдың жоқтығы үшін де президенттен сөз естіді. Ал, елордадағы жаңа салынған үйлерде көлік қаңтаратын орынның жоқтығы да ЭКСПО өтер кезде ғана еске түскендей. Ауладағы иін тірескен көліктерге қарап күйінген елбасы қала әкіміне күнде таңертең Астананы аралауды тапсырды...

 

ГҮЛБАНУ ӘНИЯТҚЫЗЫ, тілші:

- Осылайша, Астананың ЭКСПО-ға әзірлігін пысықтаған Нұрсұлтан Назарбаев тек қала әкіміне ғана емес барлық Үкімет мүшелеріне жеке жеке тапсырма берді. Барлық шенеунік бір жеңнен қол шығарып, халықаралық көрмені абыроймен атқару үшін бір жарым айдың ішінде Астананы айнадай тазартып шығуы тиіс. Ал, ЭКСПО ғимаратында қазір соңғы құрылыстар жүргізіліп жатыр. Мұндағы дайындыққа бүгін президент жоғары баға берді. Сөйтіп, бүгінгі жиыннан бюджеттің ақшасын үнемдегені үшін тек Ахметжан Есімов қана мақтау естіп қайтты.

 

Гүлбану Әниятқызы. Нұркен Тоқмурзин

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян