Қaзaқстaндық қaлaмгерлер үшін ауқымды әдеби сайыс ұйымдастырылмақ

Қaзaқстaндық қaлaмгерлер үшін ауқымды әдеби сайыс ұйымдастырылмақ

19.05.17, 20:57

Жыл сайын өтетін "Алтын қалам" жүлдесі мен "Дарабоз" байқауы біріктіріліп, ауқымды әдеби сайысқа ұласпақ. Ал Лондон қаласында орналасқан еуразиялық шығармашылық  ұйымға мүше болған авторлардың туындылары ағылшын тіліне аударылып, әлем жұртына таныла бастады.

 

Мұхтар Шаханов, Оразалы Сәбден, Раушан Бүркітбаева-Нүкенова сынды 15 отандық қаламгердің еңбектері ағылшын тілінде кітап болып басылды. Олар Еуразиялық Шығармашылық Ұйымға мүше. Аталған ұйым шығармаңызды шет тілінде  шығарудан бөлек, ұйымның басқа да танымал мүшелерімен кездесіп, ой бөлісуге, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді екен.

 

АННА ЛАРИ, Еуразиялық шығармашылық ұйымның атқарушы директоры:

- Қазақстанды әлем таныды. Енді мәдени-әдеби жағын да паш ету керек. Рухани жағын әлемге танытудың бір жолы біздің ұйым арқылы шығармаларды өзге тілдерге аударып, танымал тұлғалармен пікірлес болу.  

 

Ал Қазақстандағы әдеби әлемді дамытуға бағытталған "Алтын қалам", "Дарабоз" байқаулары бірігіп, ауқымын кеңейтті. 9 аталым бойынша байқауға түскен шығармаларды алғаш оқырмандар анықтап, үздіктерін қазылар сарапқа салмақ. Биыл алғаш рет Есенқұл Маманұлы атындағы арнайы жүлде тағайындалған. 

 

АЙДОС САРЫМ, Ұйымдастырушы:

- Әдебиет деген үлкен кәсіби жұмыс қой. Осыны да ұмытпайық. Біздің конкурстың басты міндеті ол жаңа есімдерді ашу және халыққа таныстыру дейтін болсақ, болашақта осының артында әдеби агент деген пайда болу керек.

 

Шығармалар қазақ, орыс тілдерінде қыркүйектің 15-іне дейін қабылданады. Алашорданың 100 жылдығына арналған Есенқұл Маманов жүлдесі мен "Дарабоз" жүлдесін жеңген шығарма бір миллион теңгеден алады. Жеңімпаз туындылар кітап болып басылмақ.

 

Жарас Ниязбек, Ринат Абулхаиров

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Жаңа бейнебаян

Басқа жаңалықтар