Қызылорда мұғалімдер мен директор арасындағы түсінісбеушілік бітіспес дауға айналған

Қызылорда мұғалімдер мен директор арасындағы түсінісбеушілік бітіспес дауға айналған

19.05.17, 20:58

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы № 247 мектептің кейбір ұстаздары мен директор арасындағы түсінісбеушілік бітіспес дауға айналып барады. Директор өзі қойған талапты орындамайды деген орынбасарларының лауазымын төмендетсе,  лауазымынан түскендер басшыларының  бұл әрекеттерімен келіспейді. Ал осындай қызмет үшін өзара келіспеушілік оқушылардың  сабағына кедергі келтіріп жатыр дейді ұстаздар.

 

Аядай ауылдағы мектептегі дау бірнеше директор орынбасарларының лауазымдарынан төмендетілген сәттен басталыпты. Ақыры ауыс-түйіс дауға ұласып, кесірі оқушылардың сабағына кері әсерін тигізіп жатыр дейді мұғалімдер. Ұстаздардың сөзінше, басқа білім ұяларында ұлттық бірыңғай тестілеуге қызу дайындық жүріп жатса, ал Бесарық ауылының мектебінде мұғалімдер мен басшы арасындағы кикілжің алдыңғы қатарға шығып кеткен екен.

 

Ақмарал Әбуова, №247 мектептің тарих пәні мұғалімі:

- Оқу процесінің бұзылғаны, қарапайым мен осы блокта кезекшімін, мұғаліммін. Ана класта сабақ жоқ. Қайда десем директордың алдында жиналыста. Келесі сабақ ана класта сабақ жоқ. Апай қайда жиналыста. Ал ҰБТ мен мемлекеттік емтиханға мүлде дайындық жоқ десе болады.

 

Темірхан Кенбай, №247 мектептің орыс тілі пәні мұғалімі:

- ҰБТ-ның қазір келіп тұрған кезең. Бірақ ол қызықтырып тұрған жоқ. Мектебімізде оқу процесімен айналысып жатқан адам жоқ. Өздері машинально кіреді-шығады.

 

Ал директор өзі басшылыққа келгелі осы мәселенің туындағанын айтады. Кейбір ұстаздар өзіне жүктелген міндетті орындай алмаған соң, оларды лауазымдарынан тез арада босату керек болды дейді.

 

Талғат Өтеев, №247 мектеп директоры:

- Енді қазіргі таңдағы мынау белеңсіздіктерге байланысты, лауазымдық қызметтерге байланысты болып тұр ғой бәрі. Солардың арыз-шағымдарына байланысты.Талаптарым бар, өзіндік білім стандарты бар, соны алып жүре алмауына байланысты.

 

Соңғы қоңыраудың соғылуына бір апта уақыт қалды. Ал Бесарық ауылындағы мектепте ауыс-түйістен туындаған түсініспеушілік оқушылардың білім алуына кедергісін келтірмесе екен дейді ұстаздар.

 

Абай Нұржанұлы, Рахымжан Ысқақов

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Жаңа бейнебаян

Басқа жаңалықтар