Көкшетауда әріптесін атып өлтірген полицейге қатысты сот үкіміне жәбірленушілер келіспей отыр

Көкшетауда әріптесін атып өлтірген полицейге қатысты сот үкіміне жәбірленушілер келіспей отыр

19.05.17, 20:59

Көкшетауда әріптесін атып өлтірген полицейге қатысты сот үкіміне жәбірленуші тарап келіспей отыр. Айтуларынша, судья айыпталушы - полиция майоры Жәнібек Баймурзинге тым жеңіл жаза тағайындаған. Соттың үкімі бойынша өз әріптесін тапаншамен атып өлтірген Баймурзинге түрмеде 18 жыл бойы жазасын өтеу кесілген еді.

 

Сот үкіміне марқұм Дархан Еламановтың туыстары разы емес. Әсіресе, сот үкімін әділетсіз деп санаған анасы көз жасын тия алмады.

 

АРЛАН ҚОСЖАНОВ, Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:

- Баймурзинге 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілсін. Сондай-ақ, полиция майоры атағынан айырылсын. Жазасын өтеу 2016 жылдың 27 желтоқсанынан басталады.

 

18 жыл адам өлтірген полиция қызметметкері үшін тым жеңіл жаза дейді марқұмның жақындары. "Қызмет бабында қылмыскерді өлтірсе бір сәрі. Өз әріптесін қасақана өлтірген полицейді ату жазасына кессе де артық болмайды" дейді Дарханның ата -анасы. 

 

МАЙКЕН РАҚЫМОВА, марқұмның анасы:

- 18 жыл органда істеген адамға аз. Бұл кісіні ғұмыр бойы отырғызу керек еді. Ату жасын елімізде алып тастағаны өкінішті.

 

Ал Дарханның әкесі бұл істің артында өзге де қылмыскерлер бар болуы мүмкін деп сезіктенеді.

 

МҰРАТ ЕЛАМАНОВ, Д.Еламановтың әкесі:

- Әуелі "Мечтаның" артына көмген. Одан соң көлігінің багажына салып алып, жұмысында жайбарақат жүрген. Ішім сезеді, бұны үш адам істеген.

 

Айта кету керек, өткен жылдың желтоқсан айының 25 күні Көкшетау қаласында ішкі істер департаментінің әр түрлі құрылымдарында бір мезгілде кезекшіліктен шыққан полиция майоры Жәнібек Баймурзин аға лейтенант Дархан Еламановты тапаншамен басынан атып өлтірген деген күдікпен ұсталған болатын. 

 

Ерболат Асылбеков, Қайдар Айғожа

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Жаңа бейнебаян

Басқа жаңалықтар