Шымкент әскери соты шекарашыларға қатысты үкім оқыды

Шымкент әскери соты шекарашыларға қатысты үкім оқыды

19.05.17, 20:59

Шымкент әскери соты шекарашыларға қатысты бүгін үкім оқыды. Сот шекара қызметіндегі кезекшілігін тастап кеткен қызылорладық бес бірдей жауынгерді әскери шенінен айырды. Ал алты жасар баланың өліміне әкеліп соқтырған оқиғаға басты кінәлі деп танылған аға лейтенант Рақымжан Түзелов бір жылға сотталды.

 

Сол күні оның қарамағында қызметте болған  қалған шекарашыларға қатысты сот барлығына бірдей бір жылдан шартты жаза тағайындады. Айта кетейік, Қызылорда облысы, Шиелі ауданында шекара қызметінде болған бес бірдей жауынгер кезекшілігін рұқсатсыз тастап кетіп, ауысым жетекшісінің қызметтік тапаншасынан алты жастағы бала байқаусызда оққа ұшқан еди. Ауысым жетекшісінің жазасын сот қоныс колониясында өтеуді белгіледі.    

 

ЖӘМИЛӘ ТӨЛЕНОВА, Шымкент гарнизоны әскери сотының судьясы:

- Онша қатаң емес жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру арқылы түпкілікті жаза ретінде бір жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын.   

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Жаңа бейнебаян

Басқа жаңалықтар