Мемлекет қаржысын талан-тараж қылды деп айыпталып жатқан белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов соттың әділ өтуін тілеп отыр

Мемлекет қаржысын талан-тараж қылды деп айыпталып жатқан белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов соттың әділ өтуін тілеп отыр

19.05.17, 21:00

Алматы қаласы Медеу аудандық сотында  белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұловтың ісі қаралуы тиіс еді. Алайда, режиссер Талғат Жаныбековтың адвокаты келмеген соң - сот отырысы кейінге шегерілді. Тұңғышбай Жаманқұлов және бірнеше азамат "Феникс" фильмін түсіруге мемлекеттен бөлінген қаражатты бас пайдасына жұмсап, талан-тараж қылды деп айыпталып отыр.

 

ТҰҢҒЫШБАЙ ЖАМАНҚҰЛОВ, актер:

- Басында бізге тергеушілер ақпарат бермеңдер, артық сөз айтпаңдар, үндемеңдер, сөйлемеңдер деп тапсырма беріп қойғаннан кейін біз көпке дейін үндемей жүрдік. Сөйтсек, міне ушығып бара жатыр. Ойбай Жаманқұлов 69 миллион теңгені жеп қойды деп. Ойға сыймайтын нәрсені, жеп қою мүмкін емес. Ол жұмысқа кеткен ақша. Оның барлық қаражаттары бар, құжаттары бар, жасалынған жұмыс бар.  Ақшаға құныққан емеспін, алған емеспін, жеген емеспін және растрата дейді ғой, шашқан емеспін ол ақшаны.

 

Танымал актер БАҚ өкілдерінен ақпаратты бұрмаламауды өтінді. Соттың келесі отырысы дүйсенбі күні өтпек, онда тараптар сөз жарыстырады.  Айыпталушы орындығында Жаманқұловтан бөлек тағы бірнеше адам бар. 69 миллион теңгені кімнің, қайда жібергенін енді әрқайсысы  сотқа жеке түсіндіреді. Тұңғышбай Жаманқұловтың өзі кепілақымен бостандықта.  Ал атышулы режиссер Талғат Жаныбеков пен "Қазақфильмнің" бұрынғы топ-менеджері Гауһар Ысқақова қамауда отыр.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Жаңа бейнебаян

Басқа жаңалықтар