Үкімет Астана жұртын ЭКСПО кезінде шыдамды болуға шақырды

Үкімет Астана жұртын ЭКСПО кезінде шыдамды болуға шақырды

19.05.17, 21:00

911 0

Үкімет Астана жұртын ЭКСПО кезінде шыдамды болуға шақырды. Өйткені, елордада көлік қозғалысы қиындап, бірқатар қолайсыздықтар болуы мүмкін. Халықаралық көрменің басталуына 3 апта қалғанда шенеуніктер дайындықтары туралы баяндады. Бірақ, әлі әуежай мен вокзалдардың құрылысы бітпей жатыр.

 

Астана - ЭКСПО қонақтарын қарсы алуға дайын. Бүгін атқамінерлер осылай жар салды. Ал біз дайындықты өзіміз көрмек болып, халықаралық көрмеге келушілердің алғашқы аялдамасы болатын нысандарды араладық.

 

БАҚЫТНҰР ӘЛІБАЙ, тілші:

- ЭКСПО қонақтарының миллионнан астамы пойызбен келеді деп күтіліп отыр. Осы орайда, жаңадан салынып жатқан темір жол вокзалы жүктемені азайтады деп жоспарланған. Алайда, құрылысы әлі аяқталмаған бекеттен ең алғашқы пойыз 12 күннен кейін жүрмекші екен.

 

Жалпы саны жазда қосымша 14 пойыз жолаушылар тасымалдайтын көрінеді. Одан кейінгі салмақ - автобустарға түскелі отыр. Бұл көлікті 500 мың адам мінетіндіктен, Астанада тағы 2 бекет ашылып, рейстер саны 2 есеге арттырылмақ.

 

ӘСЕТ АСАУБАЕВ, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі көлік комитетінің төрағасы:

- Қазір тек қана сол автобустарды жолда қандай да бір ақаулықтарға жол бермес үшін тиісті тексерулерден өткізіліп жатыр. Сырт келбетін дұрыстап жатыр. Яғни, ол автобустардың дұрысын таңдап, осы маршруттарға қойып жатырмыз. Бұл автобустар түпкілікті, толығымен жетеді ЭКСПО-ға қажетті тасымалды жүзеге асыру үшін.

 

Қанша шаралар қабылданып жатса да, көрме кезінде көшелерде кептеліс бола бермек.

 

РОМАН СКЛЯР, ҚР Инвестициялар және даму министрінің орынбасары:

- Понятно, что нам, горожанам, будет несколько дискомфортно, но это нужно пройти, это нужно потерпеть. Это все равно что мы принимаем гостей у себя дома в трехкомнатной квартире, и две комнаты занимают гости. Примерно такая, может быть, ситуация возникнет.

 

Халықаралық әуежайдың жаңа терминалы да жуырда қолданысқа берілмек. Бұл - алдын ала жоспар ғана. Ал, іс жүзінде 3 бөлмелі пәтердің кіреберісінен балконына дейін қонақ күтіп кетпесек болғаны. Қарапайым халық басқа салса көнеміз деп отыр.

 

Бақытнұр Әлібай, Ахмедияр Ілиясов

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян