"Сөздің шыны керек" Берекелі бекет

"Сөздің шыны керек" Берекелі бекет

19.12.13, 10:27

6482 0
1500 теңгеге былғары етік сатып алуға болады! Ал, бағасы небәрі 1000 теңге тұратын тоқыма жемпірлерді қайдан алуға болатынын білесіз бе? Сапалы, бірақ бағасы арзан тауары бар «Алтынкөл» стансасына қалай жетуге болады? «Сөздің шыны керек!» жобасында.
Қазақстанның транзиттік мүмкіндігін арттыру мақсатында салынған «Алтынкөл» станциясының қолданысқа берілгеніне таяуда бір жыл толады. Алтынкөл - Жетіген Қорғас теміржол дәлізінің негізгі бекеті болып саналады. Өйткені, Қытайдан шыққан жүк вагондары бірінші осы аймаққа тоқтайды. Бұл станция Қытай халық республикасынан айналасы бір жылдың ішінде  1,5 млн. тонна жүк қабылдап үлгеріпті.  Қазір мұнда күніне 300-ге жуық контейнер тексеріліп, түрлі бағыттарға жөнелтіледі. Ал, келесі жылы бұл бекет тәулігіне 1700 вагон қабылдауды жоспарлап отыр.
 
Вячеслав Миронов, «Алтынкөл» теміржол бекетінің бастығы:
Үш алаңқайдың әрқайсысы 500 вагон қабылдауға қауқарлы. Сонда жалпы 1500 вагонға шамасы жетеді. Ал анау көк ала түсті нысанға 44 вагон сияды. Яғни тәулігіне 200 вагон деген сөз. Ал келесі жылы біз тәуілігіне 1700 вагонды оңайлықпен күтіп алып, қайта жібере аламыз.
Компания басшысының пікірінше, мұнда:
2014-2016 жылдарға арналған инвестициялық бюджет шеңберінде 4,9 млрд. теңгені құрайтын инвестиция қаралып отыр. Жыл сайын бұл қаржының 24 пайызы «Алтынкөл» станциясына бөлінбек. 
Инвестицияның басым бөлігі әлеуметтік-тұрмыстық жобалармен байланысты екен. Ал Қоғам қызметін дамытуға қарастырылған қаржы көлеміне келсек, ол инвестицияның жалпы сомасының 51 пайызын құрамақ. 

Вячеслав Миронов, «Алтынкөл» теміржол станциясының бастығы:
 «Достық» бекетін мен оң қолыма баласам, бұл бекетті сол қолым деп санаймын. Сонда Қазақстан Қытаймен қос қолдап жұмыс істей бастады деген сөз. Оңтүстік аумақ ұзындығы жағынан 800 шақырымға артық,  тауар тасымалының құны қымбатқа түседі. Өйткені, Достықтан Бескөлге, Ақтоғайдан Матайға, одан Үштөбе, Сарыөзекке жетем дегенше, айналып жүруге тура келеді.  Ал мұнда жол төтесінен болғасын, небәрі 300 шақырым жүруге  тура келеді. 
Сөйтіп, жол машақатынан құтқарған «Қазақстан темір жолы» компаниясы отандық болат жол саласының транзиттік әлеуетін дамытуға айрықша назар аударып отыр. 2015 жылы тиісті телімдегі жүк айналымы 10 млн. тоннаны, 2020 жылы 15 млн тоннаны шамалайды делінуде. Жетіген - Алтынкөл еліміздің шығысындағы, «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы және халықаралық  орталығы, құрғақ порт, индустриялдық аймақ, Батыс Еуропа - Батыс Қытай сынды логистика буындарынан тұратын көліктік-логистикалық хабқа кіреді. Желі бойында 5 станция мен 9 разъезд ашылған. 28 көпірдің ірі төртеуі 300 метрден асса, 640 км электр желісі тартылған.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян