Қайрат Нұртастың құпиясы

Қайрат Нұртастың құпиясы

16.05.14, 21:18

58629 10

Қайрат Нұртастың жеке өміріне деген ел қызығушылығы ол танымал бола бастағаннан бері пайда болды. Әсіресе, жас қыздар Қайраттың экраннан тыс өмірінен хабардар болғысы келеді. Алайда, бірнеше жылдар бойы бұл мәлімет құпия түрде сақталып, жұлдыздың туыстарына оны жариялауға қатаң тыйым салынған. Қайраттың үйленген, үйленбегіні жайлы әншінің өзі де, анасы әрі продюсері Гүлзира Үсенқызы да тіс жармайды.

Қайраттың құлай сүйген, жүрегін ұстап жылай сүйген аруы бар ма? Елдің сүйікті әншісі, қазақ эстрадасының СУПЕР жұлдызына айналған әншінің жеке өмірі неге соншалықты елді қызықтырады? Тыңдарман оның сахнадан тыс өмірі жайлы не біледі?

Бұл енді оны тек сырттан танитын, өмірін алыстан бақылап жүрген қарапайым халықтың пікірі. Ал, Қайрат Нұртастың жеке өмірі жайлы өнерде ғана емес, өмірде де етене жақын араласатын әріптестері не дейді?


Қайрат Нұртастың отбасына қатысты жабық тақырыпты жақын күндері әнші Жазира Байырбекова көтерген болатын. Бір отбасының ұйытқысы болып отырған Жазираның өзі инстаграмдағы парақшасында ойда-жоқта жұмбақ жасырып, тіпті тапқан адамға сыйын әзірлеп қойған. 

Суретті сала бергені сол еді айналдырған санаулы минуттардың ішінде лайктар басылып, комментарийлер қаптап кетті. Жұрттың көбі суреттегі келіншекті таныды. Барлығы бір ауыздан оны Қайратты әйелі деді. Соңында Жазира олардың сөзін растап "Әрине, Қайраттың сұлуы" деп, бірінші болып тапқан адамға сыйлығын алып кетуді жазды. Алайда, біраз уақыттан соң салынған сурет желіден жойылып кетті.


Қайраттың отбасы барын растайтын суреттер ғаламторға әлдеқашан жарияланып қойған. Тіпті қазақ сайттары бірнеше мақала жазып, мәселен мына "Ақжелкен" журналы Қайраттың отбасымен түскен суреттерді осыдан 2 жыл бұрын басып шығарды.

Бұл кезде Қайрат расымен бойдақ. Мына кадрде ол ешкімге танымал емес, үлкен сахнаға енді қадам басқан кезі. Дәлірек айтсақ бұл кезде Қайрат өзі оқып жүрген Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада және цирк колледжінің 40 жылдық мерейтойына қатысқан. Ұстаздарының айтуынша дәл осы білім қабырғасында Қайрат Нұртас өзінің болашақ жарын жолықтырған.

Жұлдыз актер бөлімінде, ал Қайрат одан бір курс төмен эстрада-вокал бөлімінде дәріс алған дейді ұстаздар. Жұлдыздың сұлулығын, Меруерт Өтекешова мен Анджелина Джолиден кем түспейтін актриса болатынын, тәлімгерлердің оның болашағына жасаған болжамдарын ұстаздар әлі күнге дейін сүйсіне еске алады.


Жұлдыз бен Қайрат бір сахнаны өмірлерінде бір-ақ рет бөліскен. Міне, колледждің 40 жылдық мерейтойына арналған дәл осы концерт кезінде Қайрат та, Жұлдыз да өнер көрсеткен еді. Бірақ Жұлдыздың жұлдызды сәті бейнежазбаға қысқа  ғана жазылып қалыпты.

Байқауға барып бағын сынамаса да, Жұлдыз актерлік шеберлігін Қайраттың алғашқы бейнебаянында да көрсетіп үлгерді. Клипке түсу үшін шақырылған бойжеткен, біраз уақыт өткен соң сол әншінің өмірлік жарына айналарын ол кезде Қайраттың өзі де білмесе керек. Ал, ғаламтордағы мына суреттерден Қайрат пен Жұлдыздың тойы Алматыда 28 тамыз күні 2007 жылы өткенін байқауға болады.


Қайраттың өнеріне ғана емес, өзіне ғашық қыздардың махаббатына әншінің анасы осы жылдар арасында әбден үйреніп алды. Ал, Қайраттың әйелі бұған қалай қарайтынын ешкім білмесе де, сырттағы адамдардың көбі Жұлдыздың шыдамдылығына әлдеқашан жоғары баға беріп үлгерген. Ал, Қайраттың өнерін бар ана жүрегімен түсініп, қабылдаған анасы Гүлзира Үсенқызы балалары мен келіндеріне тек жақсылық тілейді. Онысы түсінікті де...

Қалай болғанда да Қайрат Нұртас отбасы бар-жоғын ашық айта ма, жасырама түбіне келгенде ол өз шаруасы. Бірақ уақыты келгенде әншінің өнеріне де, өміріне де аса үлкен қызуғушылық танытып жүрген мыңдаған тыңдарман аталмыш құпияның ақиқатын Қайрат Нұртастың өз аузынан естиді деп сенейік.

 

 

 

 

 

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 10 )

avatar of the user
Асел Касымова 979 дн. назад
Келиншеги болса неге аитпаида ....аиттын деп оны ешаим жазаламаиды гой ....
avatar of the user
Бекболат Шахабаев 917 дн. назад
отбасы бар жогын озы де билмейди гой деймин ,анди ойлай берип есинен шыгып кеткен гой
avatar of the user
Шолпан Мутанова 839 дн. назад
Отбасын жасырганы неси мазагы ма
ayat sulushash 810 дн. назад
уйленгенин айтуына айели карсы шыгар
avatar of the user
Балжан Апашова 798 дн. назад
келиншеги мыкты екен
avatar of the user
Балжан Апашова 798 дн. назад
келеншеги мыкты екен
avatar of the user
Сартаева Нурсулу 793 дн. назад
Қайрат Нуртасқа жанұясы туралы айпауыны қарсы емеспін. Жеке өмірі
avatar of the user
Aiko Aiym 650 дн. назад
айели инвалит емеспа
avatar of the user
Диас Канай 621 дн. назад
Менде қарсы емеспін
avatar of the user
Ұлбосын Басынбекова 504 дн. назад
Қайраттың өнерiне ризамын.Бир куни отбасын мақтанышпен таныстыратына сенимдимин.
Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян