Шоу-бизнестегі қыз-келіншектер арасындағы қолынан бал тамған аспаз

Шоу-бизнестегі қыз-келіншектер арасындағы қолынан бал тамған аспаз

23.05.14, 19:28

16626 1

Шоу-бизнестегі қыз-келіншектердің қайсысы қолынан бал тамған аспаз?

Бірін-бірі қонаққа шақырып, сыйласатын шоу-бизнес өкілдері өз араларында кімді мықты аспаз деп мойындайды?

Бұл біздің сауалнамамызға жауап берген өнер жұлдыздарының тек оннан бір бөлігі ғана. Барлығының жауабынан түйгеніміз өнер майталмандарының көбі ас үйден алыс емес, бірақ солардың ішінде топ жарған екі жұлдызды келіншек анықталды. Асты ең дәмді әзірлейтін, айтыспен қатар, соңғы кездері "инстаграм" жұлдызына айналған ақын Айнұр Тұрсынбаева мен әнші Қарақат Әбілдина болып шықты.

Міне, бұл ғаламтор арқылы барша қазаққа танылып кеткен, талайларды күткен Айнұрдың қонақ бөлмесі, жиылмайтын ақ дастарханы...Ақынның небір дәмді тағамдары міне, мына ас үйде әзірленеді. Күн ара ет дайындайтын Айнұр ханым бір жылда соятын үш соғымын 4 тоңазытқышқа әрең сыйдырып жүргенін айтады.

Бүгін де Тұрсынбаева ханым кезекті қонағын күтеді. Бұл жолы ақын өнерде бірге жүрген 3-4 қыз-келіншектің басын қосады. Ал, ас мәзірінде...

Еттің қамырын Айнұр қолмен, өзі жаяды екен. Ақынның жасаған тағамынан ауыз тиюді тіпті армандап жүргендер бар.

Ал, бұған дейін бұл дастархан басында қонақ болу бақыты өнер жұлдыздарының шамамен 70 пайызына бұйырған.

Әңгіме қызып жатқанда көптен күткен қонақтар да келіп қалды.

Бүкіл Қазақстандықтар Айнұрдың тағы бір қырын білетін болды. Үйінде күтуші ұстайтын ақынның мінезіне кейбір қызметкерлер шыдай бермейді екен.

Бірақ Айнұрдың ашықтығы мен ақжарқындығын талайлар мойындайды. Оның әсіресе үйін күте білуі, дастарханға қоятын әр ыдысын жоғары талғаммен таңдауына көбі қызығады.

Ал, қонақтар дастарханға жайғасып жатқанда, Айнұр ханым ас үйде етін түсіріп жатты.

Біраз тамақтанып болған келіншектер артынша қолдарына телефон алып, әдеттегідей Айнұрдың етін фотоға түсіре бастады. Суретті бірден "инстаграмға" сала бастады.  

Ал, сіздер фото тамашалап отырғанда қыздардың әңгімелері қыза байстайды. Тақырып сантүрлі.

Сондай-ақ шоу-бизнес жұлдыздары бір-біріне әдемі сый ұсынады. Әрнәрсені талқылайды, күледі, әзілдеседі.

Ал, қонақ күтуде алдына жан салмайтын, асты асқан шеберліктен әзірлейтін тағы бір жұлдызымыз Қарақат Әбілдина. 4 баланың анасы бізді балапандарымен қарсы алды.

Қарақатта да үй көмекшісі бар болып шықты. Алайда қолы қалт еткенде отағасы мен балаларына асты өзі әзірлейді. Бүгін әншінің ас мәзірінде манты.

Қарақаттың да қолынан талай өнер адамдары шай ішіп, тағамынан дәм татқан. Бірақ әнші ас үйде жасайтын сиқырымен бөліспеді, тамақты бәрі істегендей әзірлеймін деді. 

Қарақаттың дәмді тағамдарын сүйікті жары Қыдырәлі де жоғары бағалайды. Сахна мен ас үйді қатар алып жүрген жұбайын қадірлейді ол.

Қонақ күту мен үйдің берекесін кіргізуде әйелдің рөлін ерекше атап өткен Қыдырәлі мен Қарақат бірінен соң бірі өсіп келе жатқан балапандарының тәтті қылығына тоймай жүре берейік деп сөзін түйіндеді. Ал, өнердегі әріптестері мойындаған астаналық қос жұлдыздың ас үйдегі шеберлігін біз де жоғары бағалап, Алматымызға бет бұрдық.


 

 

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 1 )

861008 932705 849 дн. назад
Дәмді әзірлейт экен!!!
Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян