Түлектер кешінің машақаты жайлы "Сөздің шыны керекте"

Түлектер кешінің машақаты жайлы "Сөздің шыны керекте"

29.05.14, 19:50

9506 0

Ата-аналар мектеп бітіру кешіне қанша ақша жұмсайды? Министрлік ескертсе де, ата-аналар бас тартпайтын түлектер  кешінің машақаты жайлы "Сөздің шыны керекте".

Әліппені ашып, әріп таныған кешегі бүлдіршіндердің бүгінде алтын ұядан түлеп ұшар сәті жақын. Он жыл бойы бір партада отырып, білім алған түлектер әлден мектеп бітіру кешіне қызу дайындықты бастап кеткен. Бойжеткендер көздің жауып алатын кешкі көйлектерге көз жүгіртсе, ер балалар мерекелік киім үлгісін іздеуге кіріскен. Мектеп бітіруші түлектерге арнап, тіпті дүкен қожайындары көйлектерді бір тәулікке жалға беретін әдісті де енгізіпті. Мұндай қызметтің құны 3000 теңгеден -10000 теңгеге дейін. Сондай-ақ, сәнгерлер биылғы түлектердің көйлек таңдаудағы талғамының өзгергенін айтады.

Келесі кезек -  кеш өтетін орында. Түлектер дастарханды дәмхана немесе асхана емес,  қаладағы ең қымбат мейрамханаларда ғана жаюды сәнге айналдырғалы қашан. Бұл дәстүр биыл да сақталмақ. Сорақысы сол, мейрамханаларға тапсырыс бір жыл бұрын беріледі екен. Қожайындар тіпті келесі жылдың мектеп бітірушілерінің тапсырысын қабылдап қойған.  Бір оқушыға шақталған мәзірдің құны 6500-7000 мың теңге. Бұл дегеніңіз, үйлену немесе мерейтойларға лайықталған бағамен бірдей деген сөз.

ЕЛЕНА ЛУКАШЕВА, мейрамхана қызметкері:

7000 теңгенің ішіне төрт түрлі салат, бес түрлі салқындатылған ас пен бес түрлі ыстық тамақ ұсынылады. Сондай-ақ асты жалпыға бірдей етіп те, жеке адамға да алуға болады.

Мынау миллиондаған теңгені қажет ететін мейрамхана емес. Мектеп асханасы. Есесіне, "Каспий" тобын арнайы шақыртып, жанды дауыстағы әуенге билеп жүр. Бес мүшесі бар топтың қаржысы да аз болмайтыны белгілі.

Мынау да мектеп бітірушілердің кеші. Қазақ эстарадасындағы танымал әншілер көрінбейді. Қайрат Нұртастың әнінін қосқан жас түлектер тербеліп, билеп жүр.

Ал қаланың орталық көшелерімен "Біз мұндалап" жүйіткитін қымбат көліктер ұлдардың еншісінде. Сағатына ақша жинайтын соңғы маркалы шетелдің темір тұлпарларына мектеп бітірушілер соңғы қоңырау  күні-ақ отыруға асығады. Дәл сондай асыққан түлектердің жалға алған алтын түстес "Мерседес", "Кадиллактары" мен  "Лексустарын" арнайы рейд жүргізген полицейлер Шымкентте ұстап, айыппұл тұрағына қойған. Бірақ жол ережелерін бұзды деп нөмірлері алынып, өздері тиелініп әкеткен бұл көліктерге қоштасу кешінде тағы тапсырыс дайын. Лимузиндердің деңгейіне қарай бағасы да әртүрлі. Мөлшермен сағатына 250 доллардан басталып, 450 доллаға жетеді. Арасында түлектерге деген жеңілдікпен сағатына 15000 теңгелігі де бар.

 Дмитрий  ХРЕНОВ, Қымбат көліктерді жалға беретін орын қожайыны: 

Қалада лимузин жетпейді. Талас болмас үшін әрбір мектепке сағатпен бөліп беріп жатырмыз.

Лимузинді Алматыға келген соң көрдік қой....

Әнші әрі актриса қыздарыңыз Айгүл Иманбаеваның мектеп бітіру кеші толықтай есінде қалмапты. Есесіне, жақында ғана мектеп бітіргендеріне 20 жыл толуына орай өткен кеште оқу формасын киіп, сыныптастарымен кездескен соң, қайта оқушы болғым келді дейді.

АЙГҮЛ ИМАНБАЕВА, әнші, актриса: 

Қызыл белгіге бітірдік. шынайы, "ей, Айгүл" деп қойып араласатын ол кластастар.

Ия, балалық шағы бірге өткен достардың ортасы ыстық. Дегенмен, сол ортамен қоштасу кешіне қыруар қаржы жинап, қымбат көйлек киіп бара алмайтын түлектер де жоқ емес. Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауылында тұратын түлек Меруерт қиялындағы, арманындағы көйлегінің сызбасын қағазға түсіреді. Өзіне ғана белгілі көйлегін сатып алғысы келеді. Қызын қатарынан қалдырмау үшін ауылдағы ата-ана да қорадағы  малын сатып, азын-аулақ ақша жинап қойыпты.

Меруерт СЕТҚАЛИ, түлек:

Екі көйлек киеміз. бір көйлегін алып қойдым.

Мал сатып, көйлегіне ақша жинап қойдық.

Сонымен, шамамен бір меткеп бітіруші түлектің киіміне, шаш үлгісі мен бояуына, автошеру мен дастарханына ғана 150 мың нан -200 мың теңгеге дейін кетеді. 

 

 

 

 

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян