Шоу бизнесте достар бар ма?

Шоу бизнесте достар бар ма?

06.06.14, 19:43

12673 2

Ел алдында жүрген өнер майталмандары жан сырын кімге ақтарады? Әнші, актер, асабалардың ең жақын достары кім?

Асқар Жүнісбеков тек Шымкеттік әншілермен дос па?

Ал, Меруерт Түсіпбаева үшін неге шоу-бизнесте достық жоқ?

Нұржан КЕРМЕНБАЕВ, әнші:  

Доссыз менің орным мәнсіз деп білемін. Шын жақын достарым көп. Былай да достарым көп. Бауырларым да көп.

Нұржанның бұлай деп мақтануының жөні бар бәлкім. Өнер жолына келгеннен бастап, әншінің тамыр-таныстарымен қоса, жақын араласатын достары да көбейген.

Нұржан КЕРМЕНБАЕВ, әнші:  

Өнердегі де,өмірдегі де бауырларым,достарым деп айтамын Рысбек пен Медетті. Қиналған шақта жанымда болатын әрқашан,әрдайым күні-түні 24 сағат бір-бірімізге қызмет жасаймыз.

Достар алты жыл бойы бір шаңырақтың астында тұрды, бір нанды бөлісіп жеді, бір-бірінің қыр-сырына қанық болды.

Рысбек, «Арай» тобының әншісі:   

Нұржан бауырымызбен 6 жылдай уақыт бірге тұрдық.Бірге жүрдік.Қазіргі таңда әлі күнге дейін біргеміз.Аналарымызды ана дейміз.Әкелерімізді әке дейміз./

Мына жігіттер де өнердің тұшпағын бірге илеп жүрген жандар. До-мажор, Меломен, Сұңқар деп аталатын жас топтардың мүшелері бір-бірімен етене жақын араласатын болып шықты. Бос уақыттарын да мейлінше бірге өткізеді екен олар.

Жанұя болып,отбасы болып барлығымыз араласамыз. Қиналған кезде іштегі сырымызды айтып,шерімізді тарқатып  лажы болса осылай жиі бас қосуға тырысамыз.

Шоу бизнесте достық жоқ.

Ал, шатақ мінезді Меруерт Түсіпбаева шоу-бизнесте ешқандай да достық жоқ деп жайып салды. Оған себеп те жоқ емес. Әншілердің басым бөлігі ел алдында жасампаздық көрсетеді, кейде тіпті опасыздық жасайды деді ол.

Меруерт Түсіпбаева, әнші:  

Өнерде адал досым жоқ.Сенген қойым сен болсаң,күйсегеніңді ұрайын деп менің өнерде жүрген досым сондай маған осы жақын арада опасыздық жасады.Сондықтан да мен аулақпын.Ешкімді көргім де келмейді.Ешкімммен дос болғым да келмейді.00-46-15/

Сырт көзге батыл, мінезі шатақ болып көрінгенімен әншінің жаны нәзік болып шықты. Достық тақырыбын қозғаймыз деп Меруерттің жан жүрегін жаралап ала жаздадық.

Үйге қайтып келе жатып жол бойы жыладым.Маған өте ауыр болды шынын айтсам. Өзімнің бір кемшілігімді айтқан екенмін.Сол менің кемшілігімді біраз уақыт өте келе дүйім жұрттың ортасында шынын айтсам өнер адамдарының ортасында менің көзімше Меруерт маған солай айтып кеді деп солай жасады.Содан кейін менің көңілім қалды.

Рамазан Стамғазиев те достар арасында сатқындықты көп көргенін айтады. 

Рамазан СТАМҒАЗИЕВ, әнші:  

Сатқындық өте көп.Кейде соны кеш түсінетініңе өкінесің. Достардан бөлек  үлкен буын ағалардан да сондай  күтпеген нәрселерді естігенде ,көргенде,сезгенде адам жеркенеді.

Рамазан ағамыздың адал достары да жоқ емес, бірақ жан сырын жұбайы Ұлту жеңгемізге айтады екен.

Рамазан СТАМҒАЗИЕВ, әнші:

Ішкі жан дүниемізді айта бастадық.Ішкі сырымызды айта бастадық.Әңгіме ой бөлісе бастадық.Өмірдегі даңғыл жол екеуіміздің достығымыз  үлкен жанұя болдық.

Ал, өзге шоу-бизнес өкілдерінің жақын достары кім?

Аида Боранбай, Данияр Жүсіпов.

 

 

 

 

 

 

 

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 2 )

avatar of the user
Laura Kairatkizi 1070 дн. назад
Достык менин ойымша керек,дос ардайым киналсан жанынан табылады'
avatar of the user
Жарылкасынова Маржан 846 дн. назад
Меним ойымша ол адамнын досына байлданыста ол кандай адам адал доспа алде баскаларга сенин сырынды жайып салатын кума.
Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян