Жұлдыздар жарқырайды

Жұлдыздар жарқырайды

13.06.14, 20:09

20015 0

Қазақ кино әлемінің жұлдыздарында қуаныш бірінен соң бірі болып жатыр. Осыдан бір апта бұрын интернет порталдар "Әсел Сағатова балалы болыпты, тұңғышын Дубайда босаныпты" деп жарыса жазған еді. Ал, кино саласының тағы бір жарық жұлдызы актриса Әлия Телебарисова өз бақытын жолықтырып, өткен сенбі күні ұзатылды. Актрисаның қуанышына Аида Боранбай да ортақтасып қайтқан еді.

Бұл Әлия Телебарисованы барша қазаққа, одан қалса шетелге танытқан "Жау жүрек мың бала" фильмінен алынған кадрлар. Дәл осы кинотуынды жарыққа шыға салысымен сұлу бойжеткенді көрермендер талай мәрте актер Асылхан Төлеповпен қосып қойған болатын.

Алайда актрисаның жүрегін баурап, өзіне ғашық еткен мүлде өнер адамы емес. Талай уақыт бойы Әлияның ел назарынан жасырған сүйіктісі дәулетті отбасынан шыққан Азамат есімді мына жігіт.

Екі жастың бірін-бірі ұнатқаны сонша, екеуі де сезімдерін барынша дәлелдеуге тырысты. Той алдында Азамат сүйіктісіне сақина тақты, арнайы тікұшақ жалдап Алматыны жоғарыдан тамашалатты. Ал, Әлия ғашығына ән арнады. 2 жылдық сезімдерінің нәтижесі бүгін кереметтей тойға ұласып отыр. Актрисаның ұзатылуы Алматының беделді мейрамханаларының бірінде өтті. Көптен күткен кешке қалыңдықты күйеужігіттің өзі алып келді.

Қызыл кілем үстінен алдымен екі ғашықтың ата-аналары мен жақындары, кейін қос ғашықтың өздері  нағыз Голливуд актерларындай жүріп өтті.

Тойды екі бірдей асаба басқарды. Бірі Ташкенттен арнайы келген Андрей Киданов, екіншісі өзіміздің қазақ жігіті Нұржан Аташ. Бір қызығы, тойдың 70 пайызы орыс тілінде өтті.

Оскар үлгісінде өткен тойда нағыз актрисалар да, режиссерлер де табылды. Әлияның қуанышын Әлияны өзінің кино туындыларына бір емес бірнеше рет түсірген режиссер Ақан Сатаев, "Жау Жүрек мың баладағы" Хорлан, яғни актриса Құралай, киноға бірге түспесе де өмірде жақсы араласатын Қарлығаш Мұхамеджанова да келіп, ақ тілегін білдірді. Аша Матай да әнші Арманмен қолтықтасып тойға келіпті.

Жақсы келін боларына Әлияның анасының да сенімі зор. Күйеуге шықпастан бұрын кеспе әзірлеуді де, ет асуды да жақсылап үйретіпті. Ал, Әлия, үйренген тағамдардың ішінде өзі қайсысын жақсы әзірлейді?

Күнде күнде сорпа ішугі әзір күйеужігітпен Әлияны ортақ достары таныстырыпты. Заңгер мамандығы бойынша қызмет ететін Азаматтың азаматтығына ғашық болдым дейді актриса.

Тойды жанды дауыста  Виа негры ансмаблі қыздырды. Ешбір ішімдіксіз өткен тойда арнайы номинациялар бойынша жүлделер табысталды. Ал, ең басты "Үздік продюсер" аталымын Әлияның әке-шешесі жеңіп алды.  

Ал, Азамат пен Әлияның неке тойы ертең Алматының қымбат мейрамханаларының бірінде аталып өтілмек. Қос ғашыққа махаббаттарының баянды болуын біз де тілейміз!

 

 

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян