Ақындардың темір тұлпарлары

Ақындардың темір тұлпарлары

20.06.14, 19:52

16210 0

Айтыс десе, ішер асын жерге қойып, айқай қоспай отыра алмайтын халықпыз. Ал, осы айтыстан  ең  көп темір тұлпар мінген ақындар кім? "Жұлдыздар жарқырайды" жобасын  бірге көрейік. 

Жандарбек: Жаяу жүрген ақын жоқ ау осы уақытта. Жоқ дегенде велосипед мінеді.

Айтыстан ұтқан теміртұлпарларының қаншасын олар сатып, қаншасын сыйлап жіберді? Ақындардың көбі бүгінде айтыстан ұтқан көліктерін мінбейтін болып шықты. Мәселен, жас та болса осы күнге дейін 15-тен аса көлік жеңіп үлгерген Жандарбек Бұлғақов Астанада теуіп жүрген мына теміртұлпарын өз қаражатына сатып алыпты. Ал, дәмді ас дайындап, қонақ шақыруда алдына жан салмайтын Айнұр Тұрсынбаева айтыстан ең көп көлік еншілеген ақындар тізімінде әлі де көшбастап тұр. Оның рекордына бүгін де ешкім жете алған жоқ. Алайда 34 көлік ұтып үлгерсе де ақын теміртұлпарды керемет басқара алмайтын болып шықты. Сондықтан жолдасы сыйға тартқан мына джипті жүргізушісі жүргізеді. Көлікті өте сирек айдайтын ақын тіпті осы уақытқа дейін жанар-жағармай бекетіне барып көрмепті. Алайда, ақынның жүргізушісі болу әркімнің қолынан келе бермейді. Қатаң талаптары бар екен ақынның. Бұл Айнұр ханымның мінезіне 2 жыл бойы шыдап жүрген әзірге тұрақты жүргізушісі. Ғалымжан Айнұр ханымның жиі баратын жерлерін де бізге айтып қалды.

Ғалымжан ҚАЗЫБАЕВ, Айнұр Тұрсынбаеваның көлік жүргізушісі:

Фитнеске барады, салонға барады.

Тағы бір білгеніміз Айнұр Тұрсынбаеваның көліктерінің ғана емес, пәтерлерінің де саны көп екен. Бір ғана Астананың өзінде онға жуық пәтері барын естідік. Ал, айтыстың тағы бір дүлділі, елдің сүйікті ақыны Ринат Зайытовтың көлігі жоқ. Бұған дейін 10-нан аса теміртұлпар еншілеген ақын қазір жаяу жүр екен. Көлікті емес Ринат Зайытов қазір ақындар бас қосуын ойлап жүр. Ақындар арасында бильярд ойнаудан жарыс осымен екінші рет ұйымдастырылып отыр. Алматыдағы кездесуді Ринат қолға алыпты. Бұған дейін бұл турнир Астанада өткен екен. Дүниелік зат ауыса береді. Бастысы ақындар арасындағы сыйластық үзілмесін. Айтпақшы, бағдарлама эфирге шыққанша Жандарбек Бұлғақов Хондасын сатып, су жаңа  Ниссан көлігіне ауыстырып үлгеріпті. Құтты болсын.

 

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян