Құтыдан шығар қуаныш

Құтыдан шығар қуаныш

26.06.14, 18:11

6758 0

"Баяғыда бір бай болыпты, төрт түлігі сай болыпты, бірақ бір перзентке зар болыпты" деген ертегі желісі бүгінде байға да, кедейге де ортақ проблема. Бала сүйгісі келетін талай отбасы тығырықтан шығар жол, дертіне дауа іздейді. Елімізде соңғы кездері қолдан құты арқылы ұрықтандыру қиындықтан құтқарар басты жолға айналды. Тілші Жарас Ниязбек аталған әдіс төңірегінде сараптама жасап көрді.

Қаншама отбасы сәбидің іңгәлаған даусын аңсап отыр. Бұрын соңды бедеулік, белсіздік деген атаулар қазақтан алшақ еді. Енді жаһанданудың жалына жармасқан заманда аталған мәселе талай отбасының қабырғасын қайыстырып-ақ тұр. Жыл сайын елімізде уығы шаншылған шаңырақтың бестен бірі баласыздықтың зардабын тартуда. Бұл дегеніңіз - бос қалған бесік, бала бітпеген құрсақ.

ВЯЧЕСЛАВ ЛОКШИН, ЭКО орталықтың директоры:

Осы күнге дейін құрсақ көтере алмады деп көп жағдайда әйел затын кінәлаушы еді. Бүгінгінақтыстатистикабұлбақытсыздықтаерлердіңде 50 пайызүлескеиеекенінайтады. Демек, белсізеркектерменбедеуәйелдердіңарасалмағыбірдей.

Отбасынқұрып, бақыттыбалғұмырдыаңсағанжастарбірденшарананыңшырылдағанүнінестиалмаса, 1-2 жылкүтуәдеттегіқұбылыс. Одан кейін балгер, тәуіптерді, әулие-аруақтарды аралайтыны жасырын емес. Бұдан да еш нәтиже болмай, шығыс медицинасына жүгінеді. Осылайша 5-6 жылдың зулап өткенін байқамай да қалады. Алайда қазіргі медицинаның дамыған заманында елімізде бала сүю бақытын сыйлайтын арнайы орталықтардың бар екені көңілге қуаныш ұялатады.

САЛТАНАТ БАЙҚОШҚАРОВА, «Экомед» емханасының жетекшісі:

ЭКО әдісі дүние жүзінде қиын да қымбат технология. Қазақстанда өзге мемлекеттермен салыстырғанда бағасы анағұрлым төмен. ҚазіргіҚазақстандағымүмкіндіктер, экстракорпоралдыұрықтандырудыңтүрлерікөп.

Қолданқұтыарқылыұрықтандырудыкөптіңқалтасыкөтеребермейтініақиқат. Сөздің шыны керек, бір шарананы өбектеу жолында миллиондаған қаржы жұмсалады. Таратап айтсақ, ең алғашқы талдау жұмыстары бар. Жалпы саны 40-қа жуықтайды. Эмбрионды қолдан ұрықтандыру, оны жатырға салу, үздіксіз дәрігердің бақылауында болу, барлығы да ақша. Шамамен алғанда, 250 мың мен 800 мың теңгенің аралығында қаржы жұмсалады.

ВЯЧЕСЛАВ ЛОКШИН, ЭКО орталықтың директоры:

Қолдан ұрықтандыру құны көршілес Ресейде 5 мың доллар шамасында, ал Израильде 6-7 мың доллар. Бірақөзазаматтарынатегінжасалады. Себебіолархалықсанынарттыруғақаттыкүшсалады. АлФранциятұрғындары 4 мәртетегінЭКОжасатуғақұқылы.

2010 жылыҚРДенсаулықсақтауминистрлігіЭКОбағдарламасынмемлекетқаржысынажүзегеасырудыбастады. Алғашқы жылы 110 отбасы арнайы квотаға қол жеткізсе, келесі жылы бұл қамқорлық үш есеге артты. 2012 жылы квота саны 500-ге жуықтады. Ал 2013 жылы 600-дей отбасы тегін емделуге қол жеткізсе, 2014 жылы да квота саны өзгермеді. 2015 жылы 750 квота бөлінеді деген үміт бар. Ал мемлекет бөлген бір квота, шамамен, 750 мың теңгені құрайды. 

МЕЙРАМГҮЛ МҰХТАРҚЫЗЫ:

2,5 жыл бала көтере алмадым. Сосын кезекке тұрып, құжаттарымды өткіздім. КвотаарқылыЭКОжасаттым. Қазір 3 айөтті.

ЭКОорталықтардыңашылғанынаалды 20 жылғажуықтады. Бүгінде әр аймақта 15-тей клиника бар. Атап айтсақ Алматы қаласында, Астанада, Шымкент, Тараз, Ақтөбе және Петропавл қалаларында Эко орталықтар сәтті жұмыс жасап келеді. Бұл - бір перзентке зар болған жұбайларға үміт сыйлайтын орындар.  

Балалы болып, бақыттан бас айналса жақсы. Бірақ сол тізімге іліккенімен, балалы бола алмай жатқандар да жоқ емес. Медицинада балалы болуға қолайлы жастың 35-пен шектелетініне қарамастан, әйелдердің жасын 40-қа дейін созса деген өтініш қолдауға ие болды. Ал, мемлекеттік квотаға қалай қол жеткізуге болады? Ол үшін бала күтіп зарыққан жұп тұрғылықты жердегі денсаулық сақтау мекемелеріне есепке алынып, алғашқы талдау жасатады. Сараптама қорытындысы Денсаулық сақтау министрлігінен қолдау тапса, облыс орталықтарындағы ЭКО орталықтардың біріне жолдама алады. Тиісті құжаттарды өткізіп, кезекке тұрады. Бәрі сәтті болса, сәби үні шаңырағыңызды шаттыққа бөлері сөзсіз.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян