Қасиетті Рамазан айы

Қасиетті Рамазан айы

28.06.14, 11:24

12533 0

Қасиетті Рамазан айына бір күн қалды. Күллі мұсылман қауымы асыға күтетін айда ауыз бекітемін деп ниет еткен жамағат ертеңнен бастап бұл құлшылығына кіресе бастайды. Биыл ораза 30 күнге жалғаспақ. Өнер жұлдыздары да бұл айды жоғары деңгейде өткізу үшін дайындалып жатыр. Әріптесім Аида Боранбай өнер майталмандарымен сұхбаттасып, биылғы Рамазан айының ерекшеліктерін біліп қайтқан еді.

Исі мұсылман үмбеті сарыла күтіп, сағына қарсы алатын Рамазан айы биыл 28 маусымға келді. Жұма күні шелпектерін пісіріп, ертеңгі күнге дайындығын бастаған әнші Роза Әлқожа үшін де бұл айдың маңызы зор.

Ата-әжесіне қызығып ауыз бекітуді сол кезде бастаған Роза Әлқожа бүгінде бұл құлшылықтың мән-мағынасын терең түсінген.

Ал, өткен жылы Роза Әлқожа мен оның жарына қасиетті Меккені көру бақыты бұйырыпты. "Қажылық сапарынан алған әсерді сөзбен жеткізу мүмкін емес" дейді әнші.

Ғалымдардың айтуы бойынша сауабы мол ораза айының шілденің шіліңгір ыстығына тап келуі 30-33 жылда бір қайталанады екен. Сондықтан аптап ыстыққа қарамастан, нәпсіні тыйып, бір уақыт ауыз бекітуді ниет еткен жандар Жаратқанның мол сауабына кенеледі дейді әнші.

Ал, шоу-бизнестің тағы бір мүшелері Ринго тобының жігіттері қасиетті жұманы дұға-тілек жасаумен бастады. 

Бұл айда жасалған нәпіл намаз, зікір, садақа және бүкіл нәпіл ғибадаттарға берілетін сауап басқа айларда жасалатын парыздардың сауабына тең. Рамазанда ауыз бекіткен бір адамға ауыз аштырған адамның күнәлары кешіріледі екен. Ал, Қазақстан діни басқармасының ұжымы биыл да автобустарда тегін жүру акциялары мен қайырылымдық шараларын, асханаларда тегін ас беру, ауызашар жасауды қолға алмақ. Сондай-ақ биылғы пітір садақаның да құны белгіленді.

Ораза ұстауға ниет етпеген жандар үшін әлі де кеш емес. Ал, ауыз бекіту таң намазына он минут қалғанда тоқтатылады. Қасиетті Рамазан айы құтты болсын, құрметті мұсылман қауым.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян