Сөздің шыны керек: ауру айтып келмейді

Сөздің шыны керек: ауру айтып келмейді

03.07.14, 19:38

6219 0
Ауру айтып келмейді. Денені дендеген дертті анықтау үшін диагноздың дұрыс қойылуы маңызды. Ал ол үшін медициналық құрал-жабдықтар қолжетімді болуы қажет. Өкінішке орай, еліміздегі диагностикалық аппараттардың жағдайы мүшкіл деуге болады.

Әсіресе, аймақтарда медициналық күрделі зерттеуден өтуде қиындық көп. Мәселен, ел арасында МРТ деп аталып кеткен магниттік-резонансты томография аппаратының халқы миллионнан асатын облыс орталықтарында 1-2 данасы ғана бар. Нақтылақ айтсақ, 1 миллион 400 мың халқы бар Шығыс Қазақстанда шамамен МРТ-ның жұмыс істеп тұрғаны төртеуден аспайды. Ал тұрғыны 2  миллион 700 мыңға жеткен Оңтүстік өңірде құнды құрылғының небәрі үшеуі бар. Ал Атырау облысы бар-жоғы 2 аппаратқа шүкіршілік етіп отыр. 

Сәуле Өскенова бас миы ісігіне шалдыққан науқас. Тұқымқуалаушылық жолмен ауыр дертке душар болған бойжеткен жылына кем дегенде үш рет МРТ-дан өтеді.  Бас сүйегін зерттеуден өткізу үшін Шахтинсктан Қарағандыға сабылады. Өйткені туған қаласында томографиядан өткізетін бір де бір құрылғы жоқ. Бұл аздай, МРТ-ға тап болу үшін қалтаңда қомақты қаржың болуы керек,-дейді Сәуле.

СӘУЛЕ ӨСКЕНОВА:

Бір рентгенге түсірілген сурет 22 000 теңге тұрады. Ал маған бұған дейін 2 рет ота жасалғандықтан, екі суретке бірден түсемін. Сонда бір барғанымда 44 000 теңге беріп кетемін.  Жеңілдік те берілмейді. Ем қабылдап жүрген бес жылдың ішінде бір рет қана жеңілдікпен қаралдым. Оның үстіне, МРТ Қарағандының өзінде тек екі-ақ жерде бар.

Магниттік-резонансты томографиядан өту құны да қымбат. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында құны тексерлетін ағзаңызға байланысты. Ал бас сүйек томографиясы болса, бір мәртеге  23000 - 30000 теңгеге дейін. Өскемен қаласында 15000 теңге және одан жоғары. Атырау облысы бойынша 18000 -21000 теңгеге дейін жетеді.

МАРАТ ЕРБОСЫНОВ, кеңес беру диагностикалық орталығының бөлім меңгерушісі: 

8000 -14000 мың теңгеден тұрады. Баға жасалған зерттеуге байланысты.

Бірақ ағзадағы ауруды анықтау үшін зерттеудің жүргізілуі медицина талабы. МРТ арқылы жасалған зерттеу дәрігерлерге диагноз қоюға көмектестеді. Сондықтан томографияның тапшылығы мен құнына қарамастан жандарына шипа іздеген азаматтар  қалталарындағы соңғы тиындарын санап беруге мәжбүр.  

Келінімнің ауырғанына екі ай болды. Диагнозын таппай жатыр.

Диагнозды таппаған соң, осында жіберді.

Бағасы сол  23000 -30000 теңгеге дейін.

МРТ-ға кезекке тұрған адамдардың қарасы көп. Аппараттан өту үшін апталап күтеді кейбір өңірлерде. Бұл ақпаратты тексеріп көру үшін біз де аймақтарда магниттік-резонанстық томографияға кезекке жазылуға талпынып көрдік. Сорақысы сол, тек үш аптадан соң МРТ тізіміне тіркелдік.

ТАТЬЯНА ЧЕРНЫШЕВА, денсаулық сақтау бойынша сарапшы комиссиясының төрайымы:

Ну мы с вами видели, а то что очередь огромная. Конечно же это следствие того, что работает одно оборудование. И как я уже говорила в этом случай очереди неизбежны.

Бұл аздай, таптырмайтын томографиялық аппараттың жиі істен шығатыны жасырын емес. Онсыз да жетіспейтін құрылғылар аймақтарда қайта-қайта сынып, айлап іске жарамай жататыны тағы бар.

Жиырма бірінші ғасыр. Отыз дамыған елдің қатарына қосылу үшін барымызды салып жатқанымызға қарамастан, медицинамыз әлі арта қалып отыр. Тіпті қарапайым халықтың денсаулығын түзеуге де шамамыз жетпей келеді. Оның үстіне, Нұрсұлтан Назарбаев былғары креслосына отырған әрбір министрдің жаңа реформа жасауға әуестігін сынға алғаны күні кеше ғана.

Бәлкім министрлеріміз алдыңғы басшының жасағанын түбегейлі жоққа шығаруды қойса, МРТ сияқты жетіспейтін құрылғыларымыз көбірек әкелінер.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян