Қатты жұдырық иелері

Қатты жұдырық иелері

11.07.14, 22:09

6855 1

Қазақтың көк туын өзге елде желбіретіп, әлемді мойындатқан боксшы Бақтияр Артаев бұған дейін талай мәрте рингте қарсыластарын соққыға жығып, жеңіске жеткен. Алайда боксшының "қызды ұрды" деген сөзге қалуына жақында Астананың қымбат мейрамханаларының бірінде болған оқыс жағдай себеп болған еді.

Бақтияр Артаев расымен де қызға қол көтерді ме, жәбір көрген ару әлде жала жауып тұр ма? Артаевты орға жығу кімге керек? Оқыс оқиғадан соң толассыз сауалдарды журналистер боксшының өзіне осы аптаның басында ғана қоя алды. Жағдайды түсіндіру үшін Бақтияр арнайы баспасөз мәслихатын өткізген еді.

Осылайша екі тарап болған оқиғаны ел-жұртқа өздерінше түсіндіріп берді. Бұл жәйтты қызу талқылап жатқан жұрт әртүрлі пікір айтуда. Алайда елдің көбі боксшының қызға қол жұмсады дегеніне сенбейді.

Ермахан Ибраимов та Бақтиярдың қызды ұрды дегенге нанбайды. Олимпида чемпионы бұл турасында бізге бірінші және соңғы рет сұхбат беремін деді.

Артаевты әріптестері Серік Сәпиев те, кәсіби боксшы Жанқош Тұраров та қолдап отыр. Кез-келген боксшы қыздың бетінен жай ғана ұрып жіберуі оған үлкен залал алып келетін еді дейді Жанқош Тұраров. Сондықтан "Артаев  ұрса, ол қыздың сөйлеуге де шамасы жетпейтін еді" дейді ол.

"Артаев сол жақ иегіме қолын салып келіп жіберді" деген Ыбрашеваның сөзін сараптама қорытындысы растап отыр. Қағазда Айсұлу Ыбрашеваның сол жақ иегі қанталағаны және денсаулығына кішігірім зиян келгендігі жазылған. Артаевтың ұрған ұрмағандығына қатысты қандай да бір бағаны сіз де бізде бере алмаймыз. Оқиғаның анық-қанығын құзырлы органдар анықтамақ. Ал, жалпы елімізде нәзік жандыларға қол көтеру жиілеп, дау-дамайлар бүкіл елге белгілі болған сәттер  аз кездескен жоқ. Бірақ олардың жауапқа тартылып, жазаланғаны тіптен аз.

Бұл Ақтөбе қаласының нөмірі 25 автобусында болған жайт еді. Кондуктор әйелдің "жол ақысын төле" деген сөзіне еразаматтың жауабы осындай болған. Қазір іс тергеліп жатыр.

Ал, бұл костюм-шалбар киген "ҚазИнвестБанк" директорлар кеңесінің бұрынғы мүшесі Дархан Ботабаевтың ісі. Естеріңізде болса бұл азамат "Эйр Астанада" жұмыс істейтін әйелді ұрған еді. Ботабаев мырза ақыры жауапқа тартылмаса да әйелден кешірім сұрап, ақ гүлдерін ұсынған еді.

Ал, бұл "Шымкент-шоу" театрының директоры, сықақшы Берік Тұрсынбековтың дауы. Ол да Астанадағы дүкендердің бірінде әйелге дүрсе қоя берген еді.

Нәзік жандылардың бірін әнші Бейбіт Қорған да ренжіткен болатын. Бірақ Атыраулық журналистке зәбір көрсетіп, бөлмеге қамап тастаған әнші кешірім сұрауды ұмытпапты.

Жастар сүйіп тыңдайтын шетелдің мега жұлдызы Джастин Бибер кеше ғана көршісінің терезесін жұмыртқамен атқылағаны үшін жазаланып, сот әншіге шартты түрде екі  жыл кесіп, 81 мың ақш доллары көлемінде айыппұл төлеуді бұйырыпты. Бұл Лос-Анджелес сотының жай ғана жұмыртқамен атқылаған жағдайға қатысты шешімі. Ал, біздің елдің соты ше?

Ал, әзірге "Артаев менің жұмсақ жеріме қолын тигізді" деген Айсұлу Ыбрашева айтқанынан қайтпай отыр.

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 1 )

avatar of the user
Гаухар Нурлыбай 925 дн. назад
Маскара
Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян