"Сөздің шыны керек" Жолың болсын, жолаушы!

"Сөздің шыны керек" Жолың болсын, жолаушы!

26.12.13, 21:53

7832 0
Жапан далаға жан бітірген - «Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу» теміржол желісі қай жерге жетті?  Еуропа елдері мен Парсы шығанағы бағытына тауар  тасымалдауға үлкен мүмкіндік беретін ірі жобаның құрылысы қалай жүріп жатыр? "Сөздің шыны керек" жобасында...
ҒАЛАМАТ  ҒАСЫР  ЖОБАСЫ
ЖАПАН ДАЛАҒА ЖАН БІТІРДІ
ЖАҢА ЖІБЕК ЖОЛЫ
ЕН ДАЛАНЫ ЕЛ ИГІЛІГІНЕ АЙНАЛДЫРУДА
Жолың болсын, ЖОЛАУШЫ!
Бейсембек ӘЛИЕВ, Дәнекерлеуші:
Атамыз айтады көпір соққан жақсы деп, жол соққан жақсы. Экономикамыз көтеріледі. Ұрпақтарға жақсы Болашағымыз жақсы болсын дейміз.
Болашағын - бүгіннен, келер ұрпағының қамын қазірден ойлаған қазақтың ардақты аманаты бұл. Ал, арғы ата-бабасы аманаттап кеткен ен даланы - ел игілігіне айналдыру - мақсаты. Алып құрылыс басталғалы жеті көпір салуға атсалысқан азамат, жапан далада отбасынан жырақта жүрсе де, халқы үшін, атқарған жұмысын мақтан тұтады.
Бейсембек ӘЛИЕВ, Дәнекерлеуші:
Балашағамыз мақтаныштай болатындай, көпір салсақ, пойыздар  үлесімді қостым деп осы көпірге... деп бала шағам айтып жатса...
Бейсенбек көпірші сынды қаншама жұмысшының адал еңбегі мен қара тері төгілген бұл теміржол жобасының тұсауы өткен жылдың шілдесінде кесілген. «Жезқазған-Бейнеу» теміржол желісі - Еуропа елдері мен Парсы шығанағы бағытына тауар тасымалдауға үлкен мүмкіндік беретін ірі жоба.
Жалпы ұзындығы - 988 шақырым. Оның 517 шақырымы Жезқазған мен Сексеуіл арасын жалғайды. Алып құрылысқа барлығы 10 мыңнан астам адам жұмылдыру көзделген.  Мамандар, жаңа жол жол құрылысы толық біткенде, жылына 21 миллион тонна тауар өткізуге болады дейді.
Шәкен Мақсұтқажы, ҚТЖ  ұлттық компаниясы  Қарағанды жол бөлімшесі директорының Жезқазған өңірі бойынша орынбасары:
Бұл әрине бұл жердегі халық үшін де жалпы біздің экономикамыз үшін үлкен қуатты жол.Бұл жолдан өтетін транзит президентіміздің жолдауында айтылып кеткендей 2050-де біз 2018 жылы бұл жолдан 18млн. тонна жүк өткізуіміз керек.
Құрылысы қарқынды жүріп жатқан теміржол - ғасырдың ірі жобасы. Өйткені, келмеске кеткен кеңес өкіметі тұсында да мұндай шақырымдағы жол ешқашан салынбаған,- дейді мамандар. Жапан далаға жан бітіріп, алысты жақындатар шойын жол құрылысына оң баға берген ел президенті, жаңа темір жол желілері тоғысуының тұсауын өзі кесті.
НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ, ҚР президенті:
Еліміздің өміріндегі өте маңызды оқиға. Алғаш рет темір жол, автомобиль жолдары арқылы Батыс Қытайды Қазақстан арқылы Каспий теңізімен Еуропаға жалғайтын мемлекетке айналып отырмыз.
Сөйтіп,  президент желтоқсанның 20 жұлдызында «Жезқазған-Бейнеу»,  «Арқалық - Шұбаркөл» жаңа темір жол желілерінің тоғысуына телекөпір арқылы куә болды. Айта кету керек, тәуелсіздігімізге тәубе еткелі  бұл - бергі жылдардағы құрылысы жаңадан жүргізілген ең ұзын темір жол желісі. Әсіресе, тауар тасымалы үшін, таптырмас транзиттің тұсауы кесіледі, дейді мамандар.
Шәкен Мақсұтқажы, ҚТЖ  ұлттық компаниясы  Қарағанды жол бөлімшесі директорының Жезқазған өңірі бойынша орынбасары:
Өздеріңіз білесіздер, біз елбасы айтып кеткендей  біз құрлықтың ортасында жан жағымызда мемлекеттермен қоршалып отырған және осы теміржол саласына ыңғайлы мемлекетпіз. Транзиттік жағына келгенде, географиялық жағынан біздің  орналасқан жеріміз барлық жақтан қолайлы. Әрине бізде теңіз болмағаннан кейін мұхитпен біз қоршалмағаннан кейін біз жүктерді өзімізден өткізу үшін  бұл 62 тамырдың  нағыз өзі деп теміржолды айтуымызға болады.
Ғасыр жобасына жұмсалмақ қаражат та қомақты. Атқарылар шаруа да шаш етектен. Біткен істің де берекесі бар. Мәселен:
Қазір 5000-нан астам құрылысшы тартылса, 3000 дана техника жұмылдырылды.  46 миллион текше метр топырақ қабаты төселіп, 37 көпір салынды және 500 суағар құбырлар тартылды.
Шәкен Мақсұтқажы, ҚТЖ  ұлттық компаниясы  Қарағанды жол бөлімшесі директорының Жезқазған өңірі бойынша орынбасары:
Бұл жобаға 577 мың млрд. ақша бөлінді. Биылғы жылдың өзінде 130мың миллиардын құрылысқа салдық. Бұлардың бәріне әрине құрылысшылардың керемет жұмысы сұмдық. Бұлар 2-3 кезекпен жұмыс істеді. Кәдімгі күн деген жоқ. Түн деген жоқ. Ойлаңыз қаншама адам 2 кезекті жұмыстар жасады.
Қыстың қара суығы мен шілденің шіліңгір ыстығына шыдап, күні-түні дамыл таппай еңбек еткен ерендер де, өздерінің  келешектің қабырғасын қалап жатқандарын мақтан тұтады. Суыққа тоңып, күнге күйген ерлердің арманы да асқақ -болашақта өздері салған шойын жолмен жүйткісі келеді.
Мұхтар ӘБДІРАХМАНОВ, жол жөндеуші:
Арманым осы жол салынып болып, жан-жақты көрсек.. Халықтың қуанышы. Желсіз далаға жол салынып, ел қуанып жатыр.
Думан ЕСЕНҒАЛИЕВ, Жол жөндеуші:
Жол түсіп жатса, Қазақстанның жолы болғаннан кейін бала шағамызбен...
Ержан СМАҒАНБЕТОВ, Тепловоз-машинісі:
Болашақта осы жол ашылып, іске осы жолмен арманым басқа мемлекеттерге қатынассақ, ресей турцияға қытай солай ойлаймын, соған жетсек...
Алып жоба жүзеге асқан кезде, бұл азаматтар өз армандарының алдамағанын біле жатар. Қуатты құрылыс қуантқан азаматтардың тағы бір тобы - қалалықтар. Темір жол торабының үйлерінің түбіне келгеніне тәуба айтып жүр.
Ардақ АРИНОВА, қала тұрғыны:
Жезқазған дейтін қала ешкім жете алмайтын. Бейнеуге жол салынғаннан кейін енді басқа жақтан келе жатқан жолаушылар біздің жолымыздың үстінен, біздің қаламыздың деңгейіне жақсы болғанына қуанамыз.
Расында да ірі жоба жүзеге асса, теміржол бойында 13 станция мен 30 разъезд ашылады екен. Бұл дегеніңіз - ол жерлердің инфрақұрылымы дамып, мектеп, аурухана сынды әлеуметтік нысандар бой көтереді деген сөз.
Шәкен Мақсұтқажы, ҚТЖ  ұлттық компаниясы  Қарағанды жол бөлімшесі директорының Жезқазған өңірі бойынша орынбасары:
Байқоңыр, Қарсақбай Көктал деген станция. Бұл жерде әрқайсысында әлеуметтік структура. Үйлері болады жұмыскелердің деген сөз. Ол үйлердің ішінде дүниелеріне дейін болады.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян