Жұлдыздар жарқырайды

Жұлдыздар жарқырайды

06.03.15, 19:25

10059 0
8 наурыз халықаралық әйелдер күніне шоу-бизнес әлемінің азаматтары қалай дайындалуда? Ал, жұлдызды қыз-келіншектер мереке күні азаматтардан қандай сый-сияпат күтеді?


Шоу-бизнесте жаңа дуэт, жаңа отбасы! Ерлан Орынбасаров пен Баян Нұрмышева үйленді. Неке қиғандарын халықтан жасыруға тырысқан Ерлан сүйіктісіне қандай тосын сый әзірлеп жүр?

"Тамаша-тарту" театрының басшысы, актер, асаба Асылбек Боранбай ұлымен бірге мереке қарсаңында жұбайы мен 4 қызына тосын сый әзірлеп жүр. Бүгін отағасының жылына бір рет асханада қызмет ететін күні. 

Мерекелік дастарханның ас мәзірінде қызыл балық. Асылбек мырза дәл осы тағамды ерекше дәмді етіп әзірлей алады екен. Асылбек Боранбайдың романтик азамат екенін бірі білсе, бірі білмес. Актердің инстаграм парақшасынан оның әйеліне түрлі тосын сый жасап, шырақ жағып, әдемі раушан гүлдерін жиі тарту ететінін байқауға болады.  Ал, өткен жазда Асылбек Боранбай Түркия елінде отбасы құрғандарының 20 жылдық мерейтойын ерекше атап өткен.
Ел қызығатындай ынтымағы бар отбасының отағасы дайындаған мерекелік ас та дайын болып қалған сияқты. Асылбек мырза жайған дастарханын көрсеткені сол еді, үйге бүгінгі күннің ең басты қонақтары келе қалды. Отағасы қыздарын шапалақпен қарсы алды. Бұл отбасының азаматтары әзірлеген тосын сый қыздардың көңілінен шықты. Бірақ сый-сияпаттар осымен бітпеді. 



Әнші Ерлан Орынбасаров та өз сүйіктісін қуанту үшін, гүл шоқтарын іздеп жүр. Оның таңдауы қып-қызыл раушан гүлдеріне түсті.  Ия, ия қате естіген жоқсыздар. Ерлан айтып отырған Баяны әнші Баян Нұрмышева. Қос жұлдыз бүгінде бас қосып, отбасын құрған. Сүйікті жары ретінде алғаш ұсынатын гүлдерін Ерлан үйде емес, ерекше етіп, саябақта тарту етуді жөн санапты. Ерлан мен Баян алғашында тек әріптес ретінде араласқан. Әншіге продюсер болған Ерлан ақырында оған ғашық болды...өзіне ғашық етті...Сөйтіп қазақ эстрадасында жаңа дуэт, жаңа отбасы құрылды. Алайда, қос ғашық сезімдерін ұзақ уақыт халықтан жасырған. Жарты жыл бұрын некелерін қиған бұл жұптың махаббатын ақыры ел-жұрт біліп қойды. Бүгінде Баян келіндік қызметін де атқарып, ел алдында өнерін де көрсетіп жүр. Ал, 8 наурыз қарсаңында Ерлан ұсынған шоқ гүлдер оған әрине ұнады.



Ал, шоу-бизнес әлемінің өзге қыз-келіншектері мереке күні қандай сый-сияпат күтеді екен?


Жігіттер, естідіңіздер ғой?.. Әрбір қыз-келіншек құшақ-құшақ гүлге де, көңіл бөлгенге де лайықты... Барша әйелдер қауымын келе жатқан мерекемен құттықтаймыз!

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 0 )

Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян