Жұлдыздар жарқырайды

Жұлдыздар жарқырайды

13.03.15, 19:33

9646 1

Сахна. Жарқ- жұрқ еткен жарықтар. Осы бір киелі сахна түрлі оқиғаларға куә. Әншілердің бірі байқамай сүрінеді, бірі құлайды. Тіпті, үстеріне ілген киімдері сусып түседі. Немесе фонограммалары өшіп қалады. Иә, бұл келеңсіз жағдайлар жұлдыздарға ыңғайсыздық тудыратыны сөзсіз.


Осындай оқыс оқиғада шоу - бизнес өкілдері не істейді?


«НұрМұқасан» тобының белді мүшесі Мұқасан үнемі келеңсіз жәйтқа тап болып жүреді екен. Біресе сахналық аяқ киімін ауыстырып  қыстық кебіспен ән айтып шықса,  енді бірде отқа оранған сахнада өнер көрсеткен.


Мұқасан Шахзадаев, әнші:

Екі домбырамен живой айтып тұрмыз,  халық бізге емес, жоғарыға қарайды, біздің штор лаулап жанды біз аяғына дейін өлеңімізді айттық. Сахнаның шетінде суфлер отырады светомузыкада отыратын адам кәдімгідей шұңқыр болатын штор соның ішіне түскен кезде ананың ішіндегі адам сыртқа секіріп шықты.


Ал, гастрольдік сапарға  жиі шығатын опера әнші Майра Мұхаммедқызы жеке кешінде асығып жүріп көйлегінің сырмасы сырылмай сахнаға атып шыққан. Кесірінен, үстіндегі көйлегінен айырылып қала жаздапты.


Майра Мұхаммедқызы, опера әншісі:

Оркестрлер барлығы көйлегіңіз ашылып кетті  деп содан ойбай деп былай ұстадымдағы  бірақ ән айту керек. Қасымдағы тенор былай белімнен құшақтап тұрды да көйлектің арт жағында  иығымнан былай ұстап тұрды  әнімізді аяқтадық.


Майра бұл жағдайға бірінші рет тап болған. Алайда, жұлдыз еш саспастан бұл оқиғалардан оңай жол таба білген.


Майра Мұхаммедқызы, опера әншісі:

Оны бір сондай юмормен қызық күлкімен бір ауыз қызық сөзбен қызыққа айналдырып,  халықтың назарын тез басқаға  жаққа аудару керек.


Ал сахнада бір тыным таппай ән айтатын өнер иесі Меруерт Түсіпбаева ұзын көйлек кигенді ұнатады.


Меруерт Түсіпбаева, әнші:     

Тіпті кей кездері болады, етегім  мынандай жұмсақ етектер,  туфлиге ілініп қалады,  тақасына, түк болмағандай  ән айтып жүріп былай алып  тастай  саламын.


Жұлдызды жұп Мирас пен Құралай да келеңсіз жағдайға жиі тап болатындардың қатарында. Дегенмен, халықтың күлкісіне қалып көрмепті.


Құралай Бекжанова, әнші:

Ұзын көйлек болды. Көйлектің етегі тақасына жабысып қалған ақырындап шеше салдым да ары қарай билеп кете бердім.


Отандық жұлдыздарға қарағанда шет елдік әншілер сахнадан омақасып оңбай  құлаған сәттерін жасырмайды, кесірінше жария етеді. Тіпті, танымал болудың ең оңай жолы ретінде қарап, ел есінде мәңгі қалуды көздейтіндер де бар.


Жақында атақты әнші Мадонна көпшіліктің алдында құлап ұятқа қалған сәті әлі ел есінде. Жоспар бойынша биші жігіт әншінің үстіндегі қызыл мантияны  тартып қалуы тиіс еді, алайда оның орнына ол Мадоннаның өзін төмен қарай сүйреп әкеткен. Салдарынан жұлдыз сахнаның ортасына бір-ақ құлап түседі.


Сән әлемі. Мұнда да келеңсіз жағдайлар жиі болады. Сахнада ашық мұз үстінде тайғанағандай топырлап құлайтын модельдер еріксіз езуге күлкі үйіретіні сөзсіз.


Әнші, сәнқой бикештерден гөрі цирк әртістері аса ауыр жарақат алады екен. Халық арасында «буынсыз адам» аталып кеткен Айдос Тоқтарбаев қойылым барысында кеңірдегіне пышақ саламын деп оны тіліп алған сәттерін еш ұмыта алмайды.


Айдос Тоқтарбаев, цирк әртісі:

Өнермен ақша табамыз, түнгі клубтарда өнер көрсетіп жүрген кезде шашлықтың шампурын салып жіберіп сол жыртты мынадан бастап бәрін сыпырып әкетті.  Бір ай нәр татпай жаттым, су ішіп.


Айдос жақында кештердің бірінде  өнер көрсетемін деп  оңбай құлап аяғының буынын шығарып алған.


Айдос Тоқтарбаев, цирк әртісі:

Екі секунд ойым бөлінді бір есімді жисам жерде жатырмын. Биік столдан құладым полға гүрс еткен дауысты естідім, атып тұрсам ел қол соғып жатыр екен, сөйтсем елдің бәрі ойлап қалыпты әдейі құлады деп.


Айдос өз көрермендеріне ерекше қойылым дайындап жатқанын жасырмайды. Оны  жақын күндері паш етпек. Жұлдыздардың осы және өзге де жаңалықтарын келесі бағдарламада айтатын боламыз.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Жаңалықтарға оралу

Комментарии ( 1 )

avatar of the user
Zhandos Berik 373 дн. назад
тупой жандос кұры
Басқа да көретіндеріңіз

Жаңа бейнебаян